Zhanibekov university logo

ПРОФЕССОР МАНЖУ КХАРИДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛМАСУЫ

14 Қазан 2025, 12:31
Медиа Орталық


ZHANIBEKOV UNIVERSITY академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шақырылған Үндістанның Джавахарлал Неру университетінің профессоры, PhD Манжу Кхари университет қабырғасында белсенді ғылыми және академиялық қызмет атқарды. Ол бірқатар іс-шараларға қатысып, білім алушыларға мазмұнды дәріс оқыды, сондай-ақ жас ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамына арналған ғылыми семинар өткізді. Қазіргі уақытта профессор Манжу Кхари университет ғалымдарымен бірлесе отырып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсына арналған бірлескен ғылыми жобаны әзірлеу үстінде.

Профессордың университетке келу кезеңі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйек күнгі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауымен тұспа-тұс келді. Осыған орай, жасанды интеллект саласының жетекші маманы, профессор Манжу Кхари университеттің Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаевпен және профессор-оқытушылар құрамымен Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында профессор Манжу Кхари Президент Жолдауында көтерілген жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызына тоқталып, мемлекет басшысының жастарға бағытталған көреген саясатын жоғары бағалады. Сондай-ақ, профессор білім алушыларға дәріс оқып, жас ғалымдарға «Цифрлық трансформация және жасанды интеллект: зерттеу үдерісін жаңаша түсіну» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында профессор Манжу Кхари жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерде қолданудың заманауи тәсілдерін таныстырып, цифрлық платформаларды тиімді пайдалану тәжірибесін көрсетті. Сонымен қатар ол халықаралық ғылыми жобалардағы үздік тәжірибелер мен серіктестік мүмкіндіктерін талқылап, жас ғалымдарға өз зерттеулеріне AI технологияларын интеграциялау жолдарын түсіндірді.

Кездесу соңында Әлібек Нұрбайұлы профессор Манжу Кхариге университетпен белсенді ынтымақтастығы мен қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, арнайы сертификат табыс етті. Профессор Манжу Кхаридің сапары Ө. Жәнібеков университеті мен Үндістанның Джавахарлал Неру университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, екі ел арасындағы білім және зерттеу саласындағы серіктестікті нығайтады деп сенеміз.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17