Zhanibekov university logo

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ПАЙДАЛАНУ: ОАӨЭЫ ӨҢІРІ ҮШІН МАСШТАБТАЛАТЫН МОДЕЛЬ» — ІІ

23 Қазан 2025, 16:09
Медиа Орталық

Халықаралық шараның екінші күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Гүлжан Жарасованың алғысөзімен ашылды. Бұдан кейін отандық және халықаралық сарапшылар баяндама жасап, өз зерттеулерін таныстырды. Атап айтқанда, Стэнфорд университеті, информатика пәнінің оқытушысы Юнес Бенсуда Мурри, Тимишоара политехникалық университеті, Цифрлық білім беру және қашықтан оқыту департаментінің директоры Диана-Мариа Андоне, Хорватия Білім беруді дамыту институтының сарапшысы Ана Скледар Матиевич, Назарбаев Университеті, Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) бас директоры Хусейн Атакан Варолдың зерттеулері тыңдалды.

 

АҚШ, Стэнфорд университеті, Жасанды интеллект саласының профессоры, LiveTech.AI компаниясының негізін қалаушысы Юнес Бенсуда Мурридің пікірінше, Қазақстан бүгінде Орта Азия елдері арасында ЖИ саласы бойынша жетекші орында.

— Біз Қазақстанның білім беру саласымен бірлесіп бірнеше жобаларды жүзеге асырдық. Цифрлы жүйеде егер кім бірінші бастаса, сол жетістікке тез жететіні белгілі. Жасанды интеллект бойынша ауқымды тақырыптарды алдымен қай ел қозғап жатса, демек, оның бұл салада болашағы да жарқын дей аламыз. Біз соңғы технологияларды қолдана отырып, ерекше жандардың тең құқылы жағдайда білім алуына көмектесуіміз қажет. LiveTech.AI компаниясы бұл бағытта түрлі елдерде бірнеше жобаларды жүзеге асырып, өзгеріс алгоритмдерін, жаңа шешімдерді енгізу үшін алдымен ол елдің тынысымен танысуы, зерттеуі қажет. Бүгінгі ғылыми жиын осы мақсатқа жол ашады, - дейді ол.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің жасанды интеллект технологиясы кафедрасының оқытушысы Нұрзада Амангелді "Қазақ ым тілін автоматты түрде сурдоаудармалаудың жаңа үлгілері мен әдістерін әзірлеу" жобаларына жетекшілік етеді. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру арқылы ол инклюзивті инновациялар саласында елеулі үлес қосты.

 

Жәнібеков университетінде бүгінде инклюзивті білім берудің жаңа моделін ескере отырып, жаңартылған білім беру бағдарламалары іске асырылуда. Университетте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 89 студент білім алуда. Бұл көрсеткіштер оқу орнымыздың баршаға тең мүмкіндік беретін, қолжетімді және жеке тұлғаға бағытталған білім беру кеңістігін қалыптастыру жолындағы табысты қадамдарын айқындайды. Барлық білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері үшін «Білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолдану» бойынша пән енгізілді. Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар бағытында 3 мемлекеттік қаржыландырылатын гранттық ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың барлығы білім берудің цифрлық және инклюзивті трансформациясын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Аталған шара білім мен технологияны тоғыстырып, болашаққа бағытталған жаңа идеялар қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастағы жаңа қадам болып табылды. АҚШ, Еуропа және Орталық Азия елдерінен келген халықаралық сарапшылардың тәжірибесі мен идеялары негізінде инклюзивті білім беруге жасанды интеллектті енгізудің аймақтық жол картасы әзірленіп, бүкіл Орталық Азия өңірінің білім кеңістігін жаңғыртуға жаңа серпін бермек.







 

Осыған ұқсас

Компания EDP HUB Publishing провела семинар по цифровому  образованию в Zhanibekov

Компания EDP HUB Publishing провела семинар по цифровому образованию в Zhanibekov

23 Қазан 2025, 18:00
«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ПАЙДАЛАНУ: ОАӨЭЫ ӨҢІРІ ҮШІН МАСШТАБТАЛАТЫН МОДЕЛЬ»

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ПАЙДАЛАНУ: ОАӨЭЫ ӨҢІРІ ҮШІН МАСШТАБТАЛАТЫН МОДЕЛЬ»

23 Қазан 2025, 16:05
ZHANIBEKOV UNIVERSITY РЕСМИ ӨКІЛДЕРІ  АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY РЕСМИ ӨКІЛДЕРІ АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ

22 Қазан 2025, 20:04
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ NÖROM ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА

ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ NÖROM ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА

22 Қазан 2025, 19:06
АНКАРА ХАЖЫ БАЙРАМ ВЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АНКАРА ХАЖЫ БАЙРАМ ВЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

22 Қазан 2025, 14:17
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ODTU TEKNOKENT ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ODTU TEKNOKENT ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

22 Қазан 2025, 13:20
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ТҮРКИЯ САПАРЫНА ЕКІНШІ КҮНІ ЖАЛҒАСУДА

ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ТҮРКИЯ САПАРЫНА ЕКІНШІ КҮНІ ЖАЛҒАСУДА

22 Қазан 2025, 12:21
Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллекті пайдалану: Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық өңірі үшін масштабталатын модель

Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллекті пайдалану: Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық өңірі үшін масштабталатын модель

21 Қазан 2025, 17:29
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ДОКТОР АТАҒЫ БЕРІЛДІ

ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ДОКТОР АТАҒЫ БЕРІЛДІ

21 Қазан 2025, 10:15
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ GAZI UNIVERSITY БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ GAZI UNIVERSITY БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

21 Қазан 2025, 09:54