Zhanibekov university logo

ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

15 Желтоқсан 2025, 17:29
Медиа Орталық

2025 жылғы 15 желтоқсан күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Қазақстан» залында еліміздің ең қастерлі мерекесі — Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының кіргізілу рәсімімен басталып, Мемлекеттік Әнұранның асқақ үні көрерменді бірлік пен елдік рухқа бөледі. Кештің көркемдік мазмұнын «Тұмар» би ансамблінің әсерлі қойылымы толықтырды.

 

Мерекелік кеш барысында университеттің Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің ұлт тағдырындағы тарихи маңызына тоқталды:

«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, бүгінгі ұрпақтың баға жетпес бақыты. Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, ел болашағына қызмет ететін жас ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Осындай рухани шаралар жастардың бойына отансүйгіштік пен елдік сананы сіңіреді», – деп атап өтті ректор.

 

Кеш барысында марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, еңбекте жетістікке жеткен оқытушы-профессорлар қауымы мен университет қызметкерлері құрметке бөленді. Концерттік бағдарлама «Ауыл кеші» мизансценасымен жалғасып, ұлттық өнердің сан қырын паш етті.

 

Мерекелік концертте “Молдабайдың әнін” «Ынта — 2025» байқауының бас жүлде иегері Сұлтан Айтжан орындап, Домбыра үйірмесі жетекшілерінің күй тартысы, «Туған ел», «Текті қазақ», «Қазағымай» секілді жүрекке жылы әндер орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кештің шарықтау шегі «Мен қазақпын» әнімен жалғасып, барша қатысушыларды ұлттық рух пен мақтаныш сезіміне бөледі. Мерекелік шара Тәуелсіздікті ұлықтаған, елге деген сүйіспеншілікті арттырған тағылымды рухани кеш болды.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болсын!


 

Осыған ұқсас

ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

9 Желтоқсан 2025, 16:25
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

8 Желтоқсан 2025, 17:32
«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

8 Желтоқсан 2025, 11:42
Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

8 Желтоқсан 2025, 10:35
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

5 Желтоқсан 2025, 14:50
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

3 Желтоқсан 2025, 10:53
ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 11:14
ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 09:56
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

27 Қараша 2025, 13:05
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ФИЛОСОФИЯ PhD ДОКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ФИЛОСОФИЯ PhD ДОКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

27 Қараша 2025, 11:07