Zhanibekov university logo

«АЛИАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫМЕН КЕЛІСІМ ҚҰЖАТЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

12 Маусым 2025, 12:39
Медиа Орталық


Педагогикалық жоғары оқу орындарының білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі теория мен тәжірибені ұштастыруға, білім беру сапасын арттыруға және нақты мектеп өміріне бейімделген педагогтар даярлауға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта кеше Zhanibekov University мен “Алиар” халықаралық академиясы әріптестік қатынасқа арналған меморандум құжатына қол қойылды.

— Академиямен біздің университет арасындағы тәжірибе алмасу жұмыстары 5 жыл бұрын басталған. Бүгін сол ынтымақтастықты қағаз жүзінде рәсімдеудеміз. Біздің студенттер бұл орталықта қазірдің өзінде оқыту әдістерін қолданып, сыныппен жұмыс жүргізіп, оқушылармен қарым-қатынас орнатуда. Университетте алынған теориялық білімді мектеп жағдайында қолданып, студенттер тютер болу арқылы педагогикалық шеберліктерін дамытуда. Ал бүгінгі біздің мақсат осындай мектептерді стейкхолдер ретінде болашақ түлектеріміздің жұмысқа орналасуына да ықпал ету, - деді университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева.

Академия директоры Гүлнара Үсенова: “ЖОО мен мектеп арасындағы тиімді байланыс — заманауи, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті мұғалімдерді даярлаудың кілті. Бұл байланыс екі тарап үшін де пайдалы: ЖОО білім сапасын арттырады, ал мектептер білікті мамандармен қамтамасыз етіледі” деп атап өтті. Айта кетелік “Алиар” халықаралық академиясының оқушылары «Юсмас» ментальді арифметика бойынша өткен әлемдегі 87 елдер арасындағы онлайн чемпионатта алтын медаль иеленген үздік білім беру ұйымы.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17