Zhanibekov university logo

ӘЛЕМДІК ДОДАЛАРДЫҢ ҚОС ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

30 Желтоқсан 2025, 20:22
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев әлемдік додаларда ел намысын қолдан бермей жүрген қос спортшыны қабылдады.

 

Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1 курс студенті Абыл Төлесінов жақында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Параазия ойындарында голбол спорт түрі бойынша І орынға ие болды. Спортшыны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қабылдап, Алғыс білдірген болатын.

 

Ал, Дене шынықтыру және спорт факультетінің 4 курс студенті Джохар Узаров Алматы қаласында өткен грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатында 130 кг салмақ дәрежесінде белдесіп, ел чемпионы атанды. Ол биыл Вьетнамның Вунгтау қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Сонымен қатар, 2024 жылы Париж қаласында өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы болып табылады.

 

Бұл жеңіс — студенттің табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ еліміздегі спортты дамыту жолындағы жүйелі жұмыстың айқын көрінісі. Спортшылардың жетістігі университет ұжымына зор мақтаныш. Университет басшысы жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берулеріне тілектестік білдірді.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17