УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАДЫ
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ел болашағына арналған маңызды кездесу өтті. Еліміздің Ата Заңының жаңа жобасын талқылау аясында ұйымдастырылған жиында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты бағдарлама кеңінен таныстырылды.
Кездесуді университеттің Басқарма төрағасы –ректор міндетін атқарушы, модератор Әлібек Нұртаев ашып, Конституция жобасын халық арасында түсіндіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары, коалиция өкілдері Қарақат Әбден мен Данабек Исабек еліміздің конституциялық тұрғыда алға қойған мақсат-міндеттері, Ата Заңның құндылықтары мен қағидаттарын, жаңа Конституция жобасының тиімділіктерін түсіндірді.
— Қолданыстағы Ата Заңда мемлекетті дамыту қағидаттары басым болса, жаңа Заң жобасында адам құқықтары мен құндылықтары басты назарда. Заң мәтінінде «адам» деген сөздің 83 рет кездесуі мемлекеттің басты байлығы халық екенін білдіреді. Бұл жабық есіктің сыртында жазыла салған құжат емес екенін ескеру керек. Жаңартылатын нормалар басқару жүйесінің ашықтығын күшейтіп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түспек, — деген халық қалаулылары Конституцияның жаңа жобасының негізгі басымдықтарына, әділетті қоғам құру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Кездесуге қатысқан оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар атынан сөз алған Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жаңа Конституция жобасы ел болашағына бағытталған маңызды қадам екенін айтып, алдағы референдумға белсене қатысуға шақырды. Ашық әрі сенімді әңгіме барысында Қарақат Жақсылыққызы өзінің «Сен қазақтың қызысың, мақтан ет» кітабын университет кітапханасы мен оқытушыларға тарту етіп, ұжыммен естелікке суретке түсті.


Осыған ұқсас
ӘСКЕРИ КАФЕДРА ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫ ҚАЛАЙ ДАЯРЛАП ЖҮРМІЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНДАР ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҮШІН ОЙЫН МАКЕТТЕРІН ҚОЛДАНУҒА АРНАЛДЫ
«Күй күмбірі» — Жәнібеков рухына тағзым
2026 жылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университенінің әскери кафедрасына әскери даярлықтан өту үшін оқуға шақырамыз!
ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ