ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНДАР ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев республикалық деңгейдегі интеллектуалды додаларда топ жарып, оқу орнымыздың мерейін асқақтатып жүрген белсенді студенттерді қабылдады. Кездесу барысында ректор студенттердің жетістіктерімен танысып, олардың университетіміздің имиджін қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалады.
Рамазан Бексейіт — «Цифрландыру және Жасанды интеллект» тақырыбында өткен «RITORICA CUP IV» республикалық турнирінің 1-орын иегері.
Жұман Нұрзат (Студенттік Парламент төрағасы) — аталған республикалық турнирдің «Үздік төреші» номинациясының жеңімпазы.
«Болашақ ПО» командасы Шымкент қаласында өткен «QaraQuiz» интеллектуалды ойынында жүлделі 1-орынды иеленіп, Супер финалға жолдама алды. Команда құрамында университетіміздің намысын Асылхан Қалдарбек, Ұлбосын Нұрахметова, Ақнұр Әшірбек, Бақжан Байматов және Мейрамбек Теңес абыроймен қорғады.
Қалхабай Нұрмұхаммет пен Есенгелді Дәулет — «Азамат» интеллектуалдық бағдарламасының республикалық кезеңіне жолдама алған үздік зияткерлер.
Әлібек Нұрбайұлы студенттердің әрбір жетістігі — бүкіл ұжым мен білім ордасы үшін мақтаныш екенін атап өтіп, жастарға алдағы асуларда сәттілік тіледі. Сондай-ақ, университет тарапынан білімді де талантты жастарға әрқашан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізіп, жылы лебізін білдірді.

Осыған ұқсас
ӘСКЕРИ КАФЕДРА ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫ ҚАЛАЙ ДАЯРЛАП ЖҮРМІЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАДЫ
ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҮШІН ОЙЫН МАКЕТТЕРІН ҚОЛДАНУҒА АРНАЛДЫ
«Күй күмбірі» — Жәнібеков рухына тағзым
2026 жылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университенінің әскери кафедрасына әскери даярлықтан өту үшін оқуға шақырамыз!
ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ