Zhanibekov university logo

ZHANIBEKOV UNIVERSITY PHD ДОКТОРЫ АҚШ-тың КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

11 Маусым 2025, 14:15
Медиа Орталық


Zhanibekov University Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті м.а., философия докторы (PhD) Ақбілек Мыңбаева «Болашақ» бағдарламасы аясында Калифорния университетінде (Дэйвис, АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтуде. Калифорния университеті (Дэйвис) ЖОО-лардың халықаралық QS рейтінгінде 130-орында. Алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен, ғылымға деген инновациялық көзқарастарымен танымал беделді жоғары оқу орны.

Ақбілек Мыңбаеваның зерттеулері жоғары білім берудегі инновациялар мен тенденцияларға бағытталған. Ғалым қазіргі таңда педагогикалық инновациялар, зерттеу дизайндарын дамыту және зерттеу нәтижелерін оқу бағдарламаларына ендіру, онлайн білім беру әдіснамаларын жетілдіру бағытындағы зерттеулермен қатар, Sustainable Development Goals, Academic Literacy, Continued Research and Publishing курстарына да қатысып, тәжірибесін шыңдауда.

Сондай-ақ, ғалым Стэнфорд университетінде білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер мен білім алушылардың халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктері туралы симпозиумға және Күрд әдебиетінің қазіргі дамуы туралы халықаралық конференцияға қатысып, шетелдік ғалымдардың тәжірибесіндегі маңызды жобалармен танысты. Калифорния университетінің ғалымдарымен бірлесіп, фразеологиялық тіркестердің ағылшын-қазақ тіліндегі аудармалары және мәні, жасанды интеллектіні білім беруде қолдану аясы туралы зерттеулер жүргізіп, бірқатар мақалалар жариялады.

Ғалым тағылымдама барысында алған білімі мен тәжірибесін отандық ғылым саласын дамытуда қолдануды, университеттің ғылыми жетістіктерін арттыруға ықпал ететін жаңа бағдарламалар мен ғылыми жобаларды әзірлеуге үлес қосуды жоспарлап отыр.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17