Zhanibekov university logo

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

10 Маусым 2025, 11:00
Медиа Орталық


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған "Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәндік-кәсіби құзыреттіліктерін дамыту" атты біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.

Курстың ашылу салтанатына университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Айнаш Құдышева қатысып, тыңдаушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру – сапалы білім берудің негізгі шарттарының бірі.

Аталған курсқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласының мектептерінен 17 мұғалім қатысуда. Тыңдаушылардың біліктілігін жетілдіру мақсатында дайындалған бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығына сәйкес әзірленіп, министрлік тарапынан бекітілген.

Курс барысында қатысушылар пәндік-әдістемелік білімдерін тереңдетіп, жаңа форматтағы сабақ жүргізу тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар, шетел тілін оқытуда қолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар мен тиімді оқыту стратегияларына ерекше назар аударылады.

Курс соңында барлық тыңдаушыларға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №95 бұйрығы негізінде арнайы сертификаттар табысталатын болады.

 

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17