Zhanibekov university logo
Image

Бастауышта оқыту әдістемесі

Кафедра Тарих және педагогика

«Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының тарихы

 

88 жылдық тарихы бар оқу ордамыздың «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы өз тарихи бастауын тереңнен, 1960 жылдан «Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасының құрылуынан алады. Алғашқыда кафедраны 1960 жылдары педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Бектенов басқарды. 1974-1975 оқу жылында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультеті (декан В.И.Белоглазов) ашылып, онда бір ғана «Бастауыш оқыту педагогикасы» кафедрасы ф.ғ.к., доцент Е.Ағмановтың басшылығымен жұмыс жасады.

1991 жылдан «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Б.Ысқақ), «Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Е.И.Байдыбекова), «Бастауыш сыныптарда филология пәндерін оқыту әдістемесі» (кафедра меңгерушісі доцент Д.А.Молдалиева) кафедралары болып үшке бөлінді. Белгілі педагог, математик, тіл мамандары Ә.Т.Баржақсиев, Ұ.К.Тәжібаева, М.О.Олжабаева, Ш.Н.Ергешбаева, Ү.Ж.Жарқынбеков, Ш.А.Қаламбаева, Е.А.Ағманов, К.М.Нұғманова, Б.Н.Мұхаметгалиева, Ә.Н.Нұрымов, Б.Ысқақ, Қ.Молдабеков, С.Тоқбергенова, Р.У.Булебаева, К.А.Жаңабердиева, Х.К.Жанадилова, К.Д.Дилинбетов, Н.П.Шишкалов, А.Н.Абрахманова, П.Момынұлы, Д.А.Молдалиева, Қ.Шойынбаев, М.Абишев, А.А.Жолдасова, Э.К.Елшибекова, Кенжеева және басқа да ғалымдар профессор-оқытушылар құрамының алдыңғы сапында болды.

«Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы 2011-2012 оқу жылы құрылған Педагогика және психология факультетінің құрамына енді.

2012-2014 жж. кафедраны п.ғ.к., доцент Е.І.Байдыбекова басқарды,
2014-2017 жылдар аралығында Ш.Ж.Арзымбетова, А.А.Мамыт, Э.Б.Оразбаева, А.Б.Ибашова кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Бұл жылдары кафедрада білікті мамандар О.Аяшев, А.Жапбаров, Б.Ысқақ, Ж.А.Байымбетова, К.Алиева және басқа да ғалымдар жұмыс істеді.

2017-2021 жылдар аралығында кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.Б.Таутаева басқарды. Бұл жылдары 7M01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау»,  8D01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау» білім беру бағдарламалары әзірленді. Кафедра ұжымы оқу, ғылыми-әдістемелік, тәрбие жұмыстары бойынша көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан PhD, аға оқытушы Ұ.Б.Ахатаева басқарды.

Кафедраның жетістіктерінің бірі 6D010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша бітірген алғашқы түлектеріміз А.Ж.Есназар, Ш.Ш.Онтуганова п.ғ.д., профессор А.Жапбаровтың жетекшілігімен PhD докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. 

Кафедрада п.ғ.д., профессор О.Аяшов - Оңтүстік Қазақстан облысының 2003 жылғы Ең үздік ғалымы; п.ғ.д., профессор, ҚПҒА академигі, ҚР БжҒМ  «ЖОО үздік оқытушысы-2016» мемлекеттік грантының иегері, Қазақстанның құрметті ұстазы Қ.Молдабек – «Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастыру» атты тақырыпта гранттық жоба жетекшісі; п.ғ.к., профессор Р.Кенжебекова –  ҚПҒА академигі,  ҚР БжҒМ-нің «ЖОО үздік оқытушысы-2015» мемлекеттік грантының иегері, «Қазақстанның құрметті ұстазы», «Қазақстанның құрметті профессоры»; п.ғ.к., доцент С.С.Тілеуова – ҚР «Білім беру ісінің үздігі», Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері,. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2008 ж.) мемлекеттік грант жеңімпазы; п.ғ.к., аға оқытушы З.Қуанышбаева –  «Ы.Алтынсарин» төсбелгі иегері;  п.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Таутаева – Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі, ХАА академигі; б.ғ.к.,аға оқытушы Л.А.Ақынова – «Қазақстанның құрметті ұстазы - 2019» атты төсбелгі иегері; Қ.Ниетбай, Г.Б.Таутаева, Ж.Байымбетова, Ұ.Б. Ахатаева, Л.О.Нурсейтова - «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл» төс белгі иегерлерлері жұмыс жасайды.

Оқу ордамызды бітірген  түлектеріміз Ж.Тажиева - Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы, Б.Т.Танеев - Шымкент қаласы, №27 Мәртөбе жалпы орта білім беретін мектебінің КММ директоры, А.С.Каппарова Шымкент қаласы,  №55 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, А.А. Аккузов - Ж.А.Ташенов атындағы университеті «Филология» кафедрасының доценті, Ш.Арзымбетова - Ж.А.Ташенов атындағы университетінің ғылым жөніндегі проректоры, З.Ж.Айджанова - Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қарашаңырақтың 85 жылдық мерейлі тойы қарсаңында кафедраның қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан, көргені мен түйгені мол Ерке Ізбасарқызы Байдыбекованың есімімен «Бастауыш сынып математикасы» кабинеті ашылды. Мұның бәрі – келешек ұрпақтың кемел ұстаз болып қалыптасуына жарқын жол ашатын өнегелі тәрбие құралдары.

Кафедраның ғылыми бағытындағы жетістіктердің бірі PhD, аға оқытушысы А.Ж.Есназар АР19175630 «STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін қалыптастырудың жүйесін әзірлеу» атты тақырыпта 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысып, жеңімпаз ретінде танылды.

2024-2025 оқу жылында Қ.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 6В013-Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау бағыты бойынша өтілген «Болашақ табысты ұстаз-ұлт кепілі» атты ХV республикалық пәндік олимпиадада 6В1301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары п.ғ.к, аға оқытушы З.Қуанышбаеваның жетекшілігімен жүлделі 3 орынға ие болды.

Кафедра 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, 7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша магистратура, 8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды.

ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБССҚ комитеті төрағасының 2024 жылғы  30 мамырдағы № 496 бұйрығымен 8D013-Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау; 8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау бойынша диссертациялық кеңес ашылды. Ғылыми дәреже алу үшін  ұсынылатын докторлық диссертацияларды қарау жөніндегі кеңес жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттауды жүзеге асырады.

Қазіргі таңда кафедрада 21 профессор-оқытушы сабақ береді. Ғылыми дәрежесі мен атағы барлар – 15, оның ішінде 1 профессор, 6 доцент, 4 ғылым кандидаты, 3 PhD, 5 магистр оқытушы, 1 практик-мұғалім қызмет етеді.

Кафедраны 2022 жылдың мамыр айынан бастап PhD, аға оқытушы А.Ж.Есназар конкурстық негізде тағайындалып, басқарып келеді.