Кафедра
туралы
Психология кафедрасы – университетімізде 6В01101 – «Педагогика және
психология» білім беру бағдарламасын даярлайтын және «Психология», «Жас
ерекшелік психологиясы» пәндерін жүргізетін сервистік кафедра болып табылады.
Кафедраның ғылыми әлеуеті – 56,25%-ды
құрайды.
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың
барлық факультеттеріне «Психология», Жас ерекшелік психологиясы» пәндерінен отандық
және шетелдік педагогика ғылымдарының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген білікті
және тәжірбиелі мамандар: п.ғ.д., профессор І.С.Сманов, п.ғ.д., профессор
Ж.З.Торыбаева, п.ғ.к., доцент А.О.Исабекова, п.ғ.к., доцент м.а. А.З.Әліпбек, п.ғ.к.,
аға оқытушы Қ.Е.Қойшиев, п.ғ.к., аға оқытушы К.Ш.Оразымбетова, п.ғ.к., аға
оқытушы М.Е.Сыдықов, phD, аға оқытушы Б.А.Касимбекова, аға оқытушылар
Н.Ш.Абдраманова, Г.Т.Айтжанова, «Педагогика және психология» ғылымдарының
магистрлері А.С.Усипбекова, А.М.Умбеталиева, А.Н.Сейдаева, М.М.Досанова, Г.Ғ.Паримбай
қызмет атқарады. Қазіргі таңда кафедрада 2 ғылым докторы, профессор; 6 ғылым кандидаты; 1 PhD; 2 аға оқытушы және 5
оқытушы еңбек етуде.
6В01101 – «Педагогика және психология» БББ 2024-2025 оқу жылында 4 курс бойынша 63 студент білім алуда.
Психология кафедрасы өз алдына
дербес құрылым ретінде Шымкент педагогикалық институтының құрамында 1937ж.
ашылған.
1971-1975
жылдары «Психология» кафедрасын отандық танымал зерттеуші-ғалым, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент Ноғайбай Айғабылов басқарған. Институтта еңбек
еткен жылдар аралығында 100-ден аса ғылыми мақалалар мен бірнеше
монографиялардың авторы болды. Н.Айғабылов Қазақ КСР-нің білім саласының үздік
қызметкері атағының, бірнеше медальдардың иегері болды.
1976-1980
жылдары «Психология» кафедрасын отандық танымал зерттеуші-ғалым, педагогика
ғылымдарының докторы және психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл
Бозайұлы Жарықбаев басқарған. Ғалымның негізгі еңбектері «Жалпы психология»,
«Жас ерекшелік және педагогикалық психология», «Этнопсихология» және т.б. 1980
жылы педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл
Жарықбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Психология»
кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауысты.
1980-1986
ж.ж. Ленинград психология мектебінің түлегі Ноғайбай Айғабылов «Психология»
кафедрасына меңгерушілік қызметке қайта оралды.
1986-1994 жылдары «Психология» кафедрасын
психология ғылымдарының кандидаты, доцент Хамракулов Тоқтамыш Хамракулович
басқарған. Осы жылдардың арасында Т.Хамракулов 15 ғылыми мақала мен
оқу-әдістемелік құралдарды арнайы басылымдарда жариялады.
2008-2015
жылдары «Психология» кафедрасын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік
Университеті «Психология» факультетінің түлегі, педагогика ғылымдарының
кандидаты, «ҚР ғылымын ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Елеулі
еңбегі үшін» медальдарінің иегері Қ.Е.Қойшиев басқарды.
2016-2018
жылдары «Педагогика және психология» кафедрасын педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі
үшін «Ы.Алтынсарин», Білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін «Ұлағатты
ұстаз» төсбелгілерінің иегері Ш.Ж.Арзымбетова басқарды.
2018 оқу жылы 3 қыркүйекте университеттің
Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Психология» кафедрасы қайта құрылды. Осы кезеңнен
ағымдағы 2023 жылға дейін ҚР ЖОО «Үздік оқытушысы – 2022» атағының,
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, сондай-ақ 150-ден
астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, п.ғ.к., доцент м.а. А.З.Әліпбек
кафедрада меңгерушісі қызметін атқарды.
2023 оқу жылы 20-шы желтоқсаннан бастап, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Психология» кафедрасының меңгерушісі қызметіне педагогика ғылымдарының кандидаты, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісінің және «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» мерекелік медалінің иегері, 70-тен аса ғылыми еңбектердің авторы Булетова Ляззат Алпысбаевна тағайындалды.