Ақпан айының 14 жұлдызында А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясында педагогикалық практикада жүрген 1404-31 тобының студенттері мектептің 9 сыныптарымен "Мамандық марафоны" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті. Өнер жәнебілімфакультеті. "Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері" кафедрасының бір топ профессор оқытушылары, атап айтқанда кафедра меңгерушісі Талғат Бүркітбаев, факультеттің практикаға жауаптысы Ғалымжан Сарыбаев, 1404-31 тобының педагогикалық практика жетекшісі Тұрсынхан Махановтар қатысты. Іс-шара барысында 9ә, 9б, 9г және 9е сыныптары 4 командаға бөлініп қоғамдағы түрлі мамандықтарды бағдарлайтын сайыс жүргізді. Сайыс соңында жүлдегерлер анықталып, түрлі марапаттар берілді. Осы жерде 9 сынып оқушыларына университет жанынан ашылған Ж. Аймауытов атындағы колледжінде оқытылатын мамандықтарға кәсіптік бағдар жұмыстары да жүргізілді.
