Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім беру және ғылыми үдерістерді интернационалдандыру деңгейін арттырудың негізгі индикаторлары – дәріс оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, PhD докторанттарына шетелдік ғылыми жетекшілердің жетекшілік етуі, ғылыми іс-шараларға қатысу үшін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тарту сәтті жүзеге асуда. Шетелдік ғалымдар ҚР ҒжЖБМ "Шетелдік ғалымдарды тарту" мемлекеттік бағдарламасы, университеттің бюджеттен тыс қаражаты және басқа да түрлі ғылыми және білім беру жобалары (Эразмус+, факультет жобалары) есебінен шақырылады.
Ғалымдарды тарту университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби дамыту мақсатында, сондай-ақ, әртүрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кеңес беру үшін жүзеге асырылады.