Айқынбеков Бақтияр Айтбаевич
Командалық-тактикалық және арнайы мамандар циклының бастығы
Айқынбеков Бақтияр Айтбаевич 1972 жылы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында дүниеге келген. 1979 – 1989 жылдары аралығында Дарбаза ауылындағы Ю. Гагарин атындағы №29 орта мектепте, 1989 -1990 жылдары Сарыағаш қаласындағы №20 арнайы кәсіптік техникалық училищесінде білім алған.
Еңбек жолын Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласындағы Ішкі істер министрлігіне қарасты әскери бөлімде жургізуші нұсқаушы қызметінен бастаған. 1995 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты әскери бөліміне жауынгерлік қамтамасыз ету ротасына сауытты транспортер (БТР) жургізу бойынша аға-нұсқаушы, жеке мақсаттағы батальонның жеке мотоатқыштар ротасының аға технигі лауазымында қызметін атқарған. 2001-2013 жылдар аралығында әскери бөлімнің арнайы мақсаттығы оқу ротасының БТР жүргізушілерінің дайындау взводының командирі, жөндеу ротасының командирі, арнайы аса мақсаттағы жеке бөлімнің «отряд» арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы қызметін, техникалық бөлімнің автомобиль қызметі бастығының қызметін және техникалық бөлімінің сауытты-танк қызметі бастығы лауазымдарында қызмет атқарған. 2013-2015 жылдар аралығында әскери бөлімнің техникалық бөлімінде автосауытты-танк қызметі бастығының лауазымын атқарған. 2015-2017 жылдар аралығында әскери бөлімінде батальон командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2017-2019 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әскери кафедрасында аға оқытушы және 2019-2022 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекттік педагогикалық университетінде оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті әскери кафедрасының командалық тактикалық және арнайы мамандықтар циклының бастығы лауазымында қызмет атқарады
1992-1993 жылдары Ташкент жоғарғы әскери училищесі жаанында прапорщиктерді дайындау курсын бітірген.
1997-2003 жылдар аралығында. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің сырттай оқу бөліміне түсіп, жол қозғалысын ұйымдастырушы инженер мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Москва қаласында Ресей Федерацияның қарулы күштерінің жалпыәскери академиясында оқыған..
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі мінсіз қызметі үшін I, ІI, IІI-ші дәрежелі және мерекелік медалдарымен және Тәжік-Ауған шекарасындағы қызметі үшін, Соғыс қимылдарының ардагері, әскери ерлігі үшін, жауынгерлік еңбегі үшін, батылдық үшін, ерекше еңбегі үшін, бірлескен іс әрекеті үшін медальдарымен наградталған.