Бағдарлама туралы жалпы ақпарат
Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушыларды белгілі бір академиялық кезеңге ел ішіндегі басқа жоғары оқу орнына ауыстыру.
Кім қатыса алады:
- Бакалавриат - 2-3 курс; 1 курс (көктемгі семестр);
- Магистратура – 1 курс ғылыми-педагогикалық бағыт (көктемгі семестр).
Қажетті құжаттар:
1. Білім алушының академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін өтініші;
2. Білім алушының жеке оқу жоспары;
3. Ұсыным хат;
4. Оқу келісімі;
5. Транскрипт көшірмесі;
6. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үш жақты келісімшарт;
7. Ата-анасының келісімі (кепілхат);
8. Жеке куілік көшірмесі, паспорт;
9. Сурет 3х4 – 4 дана.