Zhanibekov university logo
Image

Информатика

Кафедра Физика-математика
Image

Ибашова Альмира Байдабековна

Ибашова Альмира Байдабекқызы 1969 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан  ауылы педагогтар отбасында дүниеге келген. 1976-1986 жылдары М.Горький атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген. 1986-1991 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетін  математика және ЕТ мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1991-1992 жылдары Ордабасы ауданы, Қайнар аулы, М.О.Әуезов атындағы орта мектепте математика және информатика мұғалімі, 1992-1996 жылдары  М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының „Алгебра, информатика және ЕТ“ кафедрасында  оқытушы, 1996-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында „Ақпараттандыру“ кафедрасының  аға оқытушы, 2008-2011 жылдары  Академиялық инновациялық университеті  «Ақпаратттық жүйелер»  кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасады.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, п.ғ.д. Бидайбеков Есен Ықыласұлының жетекшілігімен Абай атындағы ҚазҰПУ диссертациялық кеңесінде 13.00.02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі / информатика/  мамандығы бойынша «Методические основы обучения информатике учащихся первых двух лет начальной школы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады (30.05.2007ж., №5 хаттама ҒК №0000331).

            2011-2014 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында информатика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс жасады.

2014-2016 жж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі.

2017 жылдан Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің деканы.

А.Б.Ибашова халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасап тұрады. Оның 60 ғылыми мақаласы жарық көрген. Олар Қазақстан Республикасы және шет ел басылымдарында жарияланған.  Сонымен қатар 6 оқу және  оқу-әдістемелік құралдарының авторы.

Альмира Байдабековна Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің 8D01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы (бұйрық № 4/051, 06.03.2024ж.).

А.Б.Ибашованың жетекшілігімен Д.Т.Белесова «Бастауыш сынып оқушыларын программалауға оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғап,  8D01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алды (бұйрық №1011, 05.11.2024ж.).

Ибашова Альмира Байдабековна ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың жолдауда жариялаған “500 ғалым жобасы” бойынша 2022 жылғы “Болашақ” стипендия иегері, Германия Федеративтік Республикасының “Білім берудегі стратегиялық менеджмент. Университетті басқару” саласы бойынша 3 айлық (01.05.2022-29.07.2022) тағылымдамадан өтті (№07224484, 29.07.2022).

2022 жылы Қазақстан Республикасының  Ғылым және жоғары білім министрлігінен  „Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін“ төсбелгімен марапатталған (22.12.2022ж. №00029).

ҚР БҒМ Ғылым Комитеті 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру жөніндегі «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» басым бағыты бойынша  AP09260464 «Smart–білім беру жағдайында «Scratch»  және «Робототехника» курстары бойынша бастауыш мектепте ақпараттық білім  ортасын әзірлеу» жобасының жетекшісі. Жоба белгіленген мақсатына нәтижелі  жетіп аяқталды.