Мырзатаева Гульмира Нуржановна
Мырзатаева Гульмира Нуржановна
Мырзатаева Гүлмира Нұржанқызы 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Дулати атындағы орта мектепте оқып, оны 2002 жылы үздік бітірген. Мектепті бітіргеннен кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетіне «Шет тілі: 2 шет тілі» мамандығына түсті. 2006 жылы университетті қызыл дипломмен аталған ЖООны бітірді. Сол жылы Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Аударма ісі» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға түсті. 2008 жылы аударма ісі магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Алматы шет тілдер колледжінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2008 -2010 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ОӘБ-ның БЖД маманы және «Халықаралық қатынастар» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
2010-2012 жж. "Максимум" өңірлік инвестициялық орталығы "ЖШС-те менеджер-аудармашы ретінде жұмыс істеді.
2012-2018 жж. Әуезов атындағы ОҚМУ-де , академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы, бас маманы болып жұмыс істеді, сонымен қатар «Халықаралық қатынастар» кафедрасында оқытушылық қызметті жүзеге асырды.
2018-2022 жылдары Silkway халықаралық университетінде Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының бас маманы, «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.
2019-2022 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Педагогика және психология» бағдарламасы бойынша докторантурада оқыды.
2024 жылдан бастап Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өтткен: «Logical and critical thinking» атты курс Окленд университетінде (Жаңа Зеландия, 2021 ж.); «Функционалдық ғылыми сауаттылық негіздері» Абай атындағы ҚазҰПУ-да (Алматы, 2022 ж.).
Scopus халықаралық базасына кіретін индекстелетін журналдардағы жарияланымдарды қоса алғанда, 20-дан астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.