Пошаев Данебек Колдасович
12.02.1950 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданында туылған. ҚР Білім беру
ісінің үздігі. ҚР Білім және ғылым министрлігі және облыстық кәсіподақ Кеңесінің
Құрмет грамоталарымен марапатталған (2012 ж., 2013 ж);.ЖОО үздік оқытушысы (2015
ж). ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалінің иегері (2017).
1972- 1977ж.ж Шымкент педагогика институтының «Жалпытехникалық пәндер,
физика және еңбек» мамандығы студенті.
1977 -1979ж.ж ӨзбекССР, Ташкент облысының №31 мектебінде физика мұғалімі.
1979-1983ж.ж. Шымкент педагогика институты «Жалпытехникалық пәндер»
кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, факультет партия ұйымының хатшысы.
1983-1988 ж.ж. Мәскеу қаласы, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының
«Еңбекке баулу және кәсіби бағдар беру» ғылыми-зерттеу институтының стажерзерттеушісі.
1985- 1988ж.ж. Мәскеу қаласы, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының
«Еңбекке баулу және кәсіби бағдар беру» ғылыми-зерттеу институтының аспиранты.
«Кәсіби оқытудың политехникалық негіздері» тақырыбына педагогика ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесі диссертациясын қорғады.
1993 жылдан педагогика доценті ғылыми атағының иегері.
1988-1996 ж.ж. Шымкент педагогикалық институтының «Жалпытехникалық
пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі.. 1996-2000 жж.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану –
педагогикалық» факультетінің деканы. 2000-2015 ж.ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан Мемлекеттік университетінің доцент.
2015 ж Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Кәсіптік
оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының профессор м.а.