- Басты бет
- Кафедра туралы
- Кафедра мүшелері
- Бағдарламалар
- Оқу материалдары
- Ғылыми жобалар
- Кафедра құжаттары
- Жетістіктер
- Жарияланымдар
Дайырбеков Серік Сансызбайұлы
Өмірбаян
Дайырбеков Серік Сансызбайұлы 1986-1993 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында оқып, оны математика, есептеуіш техника және информатика негіздері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.
1992-2008 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы №65
мектеп-гимназиясында математика, информатика пәндерінен дәріс берді.
Жоғары оқу орнындағы қызметін 1993 жылы М.Әуезов
атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Алгебра, информатика және
есептеуіш техника» кафедрасында инженер-программист қызметінен бастады.
2004 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінде доцент А.Әмірбекұлының жетекшілігімен “13.00.02 – Оқыту және
тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика)” мамандығынан
«Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушыларының математиканы оқу
белсенділігін компьютер арқылы дамыту» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын
қорғады.
ҚР БжҒМ 2009 жылдың 22-маусымдағы №6 Алқа шешімі бойынша 13.00.00-Педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы бекітілді.
2018 жылғы 30 қазанда ҚР БжҒМ Білім
және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен 13.00.00 –
Педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
2022 жылдың 1-қыркүйегінен ОҚМПУ «Математика»
кафедрасының профессоры қызметінде.
Марапаттары:
v ҚР БжҒМ-нің (министр Б.Т.Жұмағұлов)
«Құрмет грамотасы», 2012 жыл;
v Ы.Алтынсарин төсбелгісі (министр
Е.Сағадиев, 25.03.2016), 2016 жыл;
v А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль (ҚР
ЖОО қауымд. президенті Р.А.Алшанов), 2018 жыл;
v Грамота. Түркістан облыстық маслихаты (хатшы
Қ.Балабиев). мамыр, 2019 жыл;
v Алғыс хат. Шымкент қаласының мәслихаты
(хатшы Б.Нарымбетов), 2022 жыл.
100 ден аса ғылыми,
ғылыми-әдістемелік мақала, 3
монография, 6 оқу құралы мен 8
оқу-әдістемелік құралдың авторы және 9
зияткерлік меншік құқығына ие. Бірнеше халықаралық және шет елдік ғылыми
конференцияларда баяндамалар жасаған. Web of
Science компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес
импакт-факторға ие ғылыми журналдарда − 2, Скопус базасындағы журналдарда
− 7 мақаласы жарық көрген. Оның ішінде, соңғы жылдардағы негізгі еңбектері:
- Students’
Environmental Competence Formation as a Pedagogical Problem, статья,
INTERNATIONAL JOURNAL OF ENVIRONMENTAL & SCIENCE EDUCATION 2016, VOL.
11, NO. 18, 11735-11750. (Скопус),
Серіктес авторлар: Y.V.Ponomarenko,
A.A.Yessaliev, R.I. Kenzhebekova, K. Moldabek, L.A.Larchekova,
L.Asambaeva
- «Жоғары математика» (ЭЕМ-ге арналған
бағдарлама – электронды оқулық), Авторлық құқық объектісіне құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК,
№2316, 13.10.2017 жыл. ҚР ӘМ. ИС 010046,
Серіктес авторлар: М.Д.Шинибаев, А.С.Сансызбаева
- Formation
Of Aesthetic Consciousness Of 5-9
Class’ Schoolchildren, статья, Журнал
Opción, Año 35, No.88 (2019): 1037-1059 ISSN 1012-1587 /
ISSNe: 2477-9385 (Скопус), Серіктес
авторлар: Дайырбекова Г.Б., Мусабекова Г., Жумадиллаева Г., Бабаев Н.
- Алгебра
курсының есептерін жуықтап шешуде компьютерді қолдану мүмкіндіктері. Оқу
құралы, Шымкент - «Әлем» баспасы, 2020. – 116 бет. Серіктес автор: Мамаев
Қ.С.
- «Математика
негіздерінен өзіндік жұмыс тапсырмалары» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – электронды
оқулық). Авторлық құқықпен
қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге
мәліметтерді енгізу туралы КУӘЛІК, №21790, 17.11.2021 жыл.
Серіктес авторлар: Досыбекова Ш.К., Сансызбаева А.С.
- Methods
of teaching school students to solve systems of equations and inequalities
in the conditions of digitalisation of education // Cypriot Journal of Educational Sciences. Volume 17, Issue 8, (2022) 2680-2691 стр. https://doi.org/10.18844/cjes.v17i8.7820
, (Скопус), Серіктес авторлар: A.Sansyzbayeva, L.Zhadrayeva,
R.Kadirbayeva, A.Sansyzbayev.
- Роль мобильных приложений в формировании цифровой компетентности будущих учителей математики / Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. – 2024. – 29-том, 3(115)-шығ., 168-177 беттер. https://doi.org/10.31489/2024Ped3/169-178 . Серіктес автор: Алмат А.Ш