Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Жетпісбаева Гүлжан Оразбекқызы

Жетпісбаева Гүлжан Оразбекқызы 1975 жылы қазіргі Түркістан облысы Келес ауданында дүниеге келген.

1991 жылы Шымкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімін «Математика және ақпараттық есептеу» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1996 жылдан 2020 жылға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушылық қызметін атқарған.

2000 жылдан бастап математиканы оқыту әдістемесі саласында еңбегі орасан, педагогика ғылымдарының докторы Д.Рахымбектің жетекшілігімен ізденушілік етті.

2007 жылы 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі «Математика» шифры бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты атанды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017» мемлекеттік грантының иегері, 2018 жылы Брюссель қаласында «Competence-based and student-oriented approach to teaching. Development of new competencies for professors» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2021-2022 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Математика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда, оқу-тәрбие жұмыстарына көп көңіл аударып, оқыту процестеріне қомақты үлес қосып жүрген, қолданыстағы заңнама және басым бағыттарды меңгерген жоғары білікті маман, сондай-ақ ағылшын тілі «Intermediate» деңгейінде.

Студенттерді ізгілікке баулып, қоғам үшін қажетті білім жүйесін жан-жақты жарасымды жетілдіруге ат салысып жүрген ғалым. Сонымен қатар, 60-тан астам ғылыми еңбектері жариялаған, оның ішінде 1 оқулықтың, 5 оқу құралының, 1 монографияның авторы.

Scopus базасындағы басылымда, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізбесіне енгізілген басылымдарда мақалалары жарық көрген. Шет елдік конференцияларға, Қазақстан Республикасындағы конференциялар мен семинарларға үздіксіз қатысып және мақала жариялауда.

 

 

Оқу материалдары

Математиканы оқытудың дербес әдістемесі

Қаң. 17, 2025, түсқайта