Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Сапаков Динмухамбет Абдуалиевич

Сапаков Динмухамбет Абдуалиевич 1986 жылы 18 тамызда Өзбекстан Республикасы Жызақ облысында дүниеге келген. 050109-«Математика» мамандығын 2008 жылы, 6N0109-«Математика» мамандығы бойынша магистратураны 2010 жылы оқып бітірген. 2012-2015 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 6D010900-«Математика» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқыған және Сулейман Демирел университетінде 2022 жылы қорғады.

Жетісай қаласындағы Сырдария университетінің «Жоғары математика және физика» кафедрасында, Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқытушылық, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Жаратылыстану ғылыми-зерттеу институтының

ғылыми қызметкері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебі

«Математика» кафедрасында PhD, аға оқытушы қызметтерін атқарды.

Д.А.Сапаковтың зерттеу материалдары бойынша 20-шақты еңбегі жарияланған, соның ішінде 3 Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға және Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, халықаралық конференция материалында, шетелдік конференция материалындарында бірнеше мақалалары жарық көрген