Қилибаев Әділбек
Ағабекұлы, 1950 жылы 8 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
Монтайтас ауылында дүниеге келді.
1957-1967 жылдары
осы ауылда В.В. Маяковский атындағы орта мектебінде оқып бітірді.
1968-1970 жылдары
Совет Армиясы қатарында әскери борышын атқарды.
1970-1972 жылдары
ауылда жұмысшы болып еңбек етті.
1972-1976 жылдары
Н.К. Крупская атындағы Шымкент педагогика институтының «Дене тәрбиесі мұғалімі»
мамандығы бойынша бітірді.
1976-1977 жылдары
Шымкент қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №26 орта мектебінде дене тәрбиесінің
жетекшісі қызметін атқарды.
1977-1990 жылдары
Шымкент дене тәрбиесі техникумында жеңіл атлетика бойынша аға оқытушы қызметін
атқарды.
1991-2003 жылдары
М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің деканының
орынбасары қызметін атқарды.
2002 жылы 13.00.00 – «Педагогика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2003-2005 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Дене тәрбиесі» және спорт» факультетінің деканы қызметін атқарды.
2005-2007 жылдары
Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде оқу және тәрбие жөніндегі
проректор қызметін атқарды.
2007-2010 жылдарпы
М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің «Спорттық
пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2010-2014 жылдары М.Әуезов жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің «Техникалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде доцент қызметін атқаруда.
Педагогикалық еңбек өтілі 48 жыл. Марапаттары: «Білім озаты», «Білім беру ісінің үздігі», ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы, «Дене тәрбиесі және спортты дамытуға» және жастарға патриоттық тәрбие беруде белсенді үлесін қосқаны үшін генерал Сабыр Рахимов пен Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» төсбелгісімен марапатталды.
100-ге жуық ғылыми мақала, оның ішінде 32 ғылыми, 18 әдістемелік нұсқаулықтар және 4 оқулық жарық көрді. Олар: «Жеңіл атлетика» оқулық 2020 ж., «Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі» 2021 ж., «Спорттық ойындары» 2021 ж., «Гимнастика» 2021ж.