Zhanibekov university logo
Image

Педагогика

Кафедра Тарих және педагогика
Image

Ахметова Эльмира Калдыбековна

Ахметова Эльмира Калдыбекқызы 1986 жылы 17 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Отбасылық жағдайым – тұрмыста, екі ұл, үш қызым бар. 1993-2003 жылдар аралығында №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде білім алдым. 2004-2008 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бакалаврды тәмәмдадым. 2014-2016 жылдар аралығында Мирас Университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны бітірдім. 2019-2022 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «8D01110 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасын толықтай игердім. 16.11.2022 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (PhD) докторлық диссертациямды қорғадым. 22.11.2022 жылғы №4367-б/а бұйрығы негізінде 8D01110 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін иелендім. Диплом тіркеу ном. №110; PhD 00024350845 Еңбек жолымды 23.09.2008 – 09.01.2010 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғарғы дәрежелі инженер-маман қызметінен бастадым; 05.04.2011 - 01.03.2019 жылдар аралығында А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК ІІ дәрежелі қызметкері; 20.12.2018 – 28.08.2019 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық» бөлімінің бас маманы; 04.05.2020 – 31.12.2022 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде №97-2 шарт негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми қызметкер ретінде жұмыстар атқардым; 2023-2024 жж ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында (Шымкент филиалы) шақырылған лектор қызметін атқардым; 18.01.2023 – 01.07.2023 жылдары аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Психология және арнайы педагогика» кафедрасында оқытушы қызметін атқардым. 01.08.2023ж. бастап Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, «Педагогика» кафедрасында PhD, аға оқытушы қызметін атқарамын. Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты (2022), ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА басқармасы Президентінің алғыс хаты (2023) Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректорының ғылыми қызметкерлері күніне арналған алғыс хаты (2024)

Оқу материалдары

Инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы

Қаң. 7, 2023, түсқайта