Таңатарқызы Гулжан, 1995 жылы 20 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы (қазіргі таңда Түркістан облысы, Жетісай ауданы), Жетісай қаласында дүниеге келген. Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрмаған.
-2001-2012 жылдары Жетісай қаласында №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында жалпы орта білімді игерді.
-2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Тарих және педагогика факультеті, 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығын қызыл дипломмен аяқтап, бакалавр дәрежесін иемденді.
-2017-2019 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде оқып, 6М010300-Педагогика және психология ғылымдарының магистрі атанды.
-Еңбек жолын 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Кешкі оқыту және дайындық факультетінде әдіскер болып бастаған.
-2021 жылдан бастап осы университеттің, Педагогика кафедрасында оқытушы қызметін атқарып жүр.
Университет ректорының алғыс хаты 2018ж., 2019ж., 2022ж., 2023ж.
Тарих және педагогика факультетінің деканының алғыс хаты 2022 ж.