Zhanibekov university logo
Image

Бастауышта оқыту әдістемесі

Кафедра Тарих және педагогика
Image

Ермахан Шұғыла Бағланқызы

Мен, Ермахан Шұғыла Бағланқызы 2005 жылы 3 қарашада Түркістан облысы, Майдантал ауылында дүниеге келдім. Үйдің тұңғыш қызымын. Отбасымда әкем, анам, 3 сіңлім,1 інім бар.

          2011 жылы Майдантал жалпы орта мектебінің табалдырығын аттадым. Бұл мектепте 10 жыл бойы оқып, үздік оқушыларының қатарында болдым. 11-сыныпты Түркістан қаласындағы  М. Әбенова атындағы мектепте үздік аттестатпен аяқтап, мектеп түлегі атандым.

      Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университеттің 2-курс студентімін. Мен “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау мамандығы бойынша білім алып жатырмын.

    Мектеп қабырғасында белсенді, жан-жақты білім алушы ретінде түрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатыстым. Нәтижесінде 33 диплом, 21 сертификат және 2 медаль жеңіп алдым. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық іс-шараларында белсенді атсалысып, өзімді жауапкершілігі мол, іскер білім алушы ретінде көрсете білдім.

        Бос уақытта би үйірмесіне қатысып, шығармашылық қабілетімді дамытып жүрмін. Болашақта өз мамандығым бойынша кәсіби ұстаз атанып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруді мақсат етемін.