Өмірбаян
Мен, Досан
Мерей Серікқызы,2006 жылы 4 қаңтарда Түркістан облысы,Шардара қаласында дүниеге
келдім.Ұлтым-қазақ. Біздің отбасымыз үлкен,сүйіспеншілікке толы, 8 адамнан
тұрады.Әкем-Досан Серік,анам-Абуова Жазира. Ата-анам маған тек білім мен тәрбие
ғана емес, өмірдің ең маңызды құндылықтарын үйретті.Мен үшін ата-анам – үлгі
боларлық тұлғалар, олардың әрбір еңбегі менің болашағыма салынған іргетас.
Біздің жанұяда алты бала бар. Мен – үшінші перзентпін. Әпкем-Жансая Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі,қазіргі таңда тұрмыста. Ағам-Қайсар Орталық Азия Инновациялық университетінің
студенті. Сіңілім-Ақниет және інім-Асылжан мектеп оқушылары, ал кіші
інім-Мейіржан балабақшаға барады. Отбасым менің өмірлік бағыт-бағдарым, сенімім
мен күш-қуатымның басты көзі.
2012 жылы Шымкент қаласындағы
№69 жалпы орта білім беретін мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 2023 жылы
мектепті бітірдім. Мен мектеп қабырғасында ағылшын,география,биология
пәндеріне ерекше қызығушылық таныттым.Осы пәндер бойынша өткізілген
олимпиадаларда жүлделі I,ІІ орындарды
иелендім.
Мен ”Demeu-Kazakhstan” қоғамдық
қорының үздік түлектерінің бірі болып, 1 жыл бойы “Dostyq” беру орталығында
дайындалып, Ұлттық бірыңғай тестілеуден 108 балл жинадым. 2023-2024 оқу жылының
ашылу салтанатында үлгілі түлек ретінде мадақтамалар мен марапат,сыйлыққа ие
болдым.
2023 жылы Өзбекәлі Жәнібеков
атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тарих және педагогика
факультетінің, “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау”
мамандығы бойынша грантқа түсіп, 2 курс студенті ретінде білім алып жатырмын. Менің
университеттегі оқуым тек білім алу емес, сонымен қатар өзімді жан-жақты
дамытуға мүмкіндік береді. Университет қабырғасында көптеген жобаларға,
қоғамдық іс-шараларға қатыстым.
Қазіргі таңда “Кемел Болашақ”
қоғамдық қоры “Mugalim”атты білім сапасын арттыруға және заманауи ұстаздарды
даярлауға бағыттылған жобасының студентімін. Осы орайда маңызды төрт бағыт
бойынша білімімді жетілдірудемін. Кәсіби даму:заманауи оқыту әдістері мен
педагогикалық технологияларды меңгеру курстары, тренингтер. Тұлғалық даму:
көшбасшылық, эмоционалдық интеллект және өзін-өзі басқару дағдыларын
жетілдірудемін. Әлеуметтік даму:әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғаммен байланыс
орнату тәжірибесі. Тіл білімі:мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру деңгейін
арттыруға арналған курстарға қатысып, деңгейімді көтердім.
Сонымен қатар пәндік тест олимпиадаларда, интеллектуалды ойындар, спорт
саласында жарыстарға қатысып I,II жүлделі орындарды иелендім. Мен қосымша
мобилография, арт-терапия және мастер класстарға қатысып, өзімнің жеке
дағдыларымды аттырдым. Білім беру саласы бойынша өткізілген семинарларға
қатыстым. Өз ісіне жанашырлықпен қарайтын, тәжірибесі мол ұстаздардың берген ұлағатты
сөздері мен үшін үлкен шабыт көзі болды. Бұл
шаралар мені кәсіби тұрғыда шыңдап қана қоймай, ұстаздық жолымда биік
мақсаттарға жетуге деген сенімімді арттырды.
Менің өмірлік ұстанымым –
"Үздіксіз даму – табыстың кілті". Сол себепті әрқашан жаңа нәрсені үйренуге және
мүмкіндіктерімді арттыруға ұмтыламын. Алдағы уақытта өз саламның білікті маманы
болуды мақсат етемін.