Zhanibekov university logo
Image

Бастауышта оқыту әдістемесі

Кафедра Тарих және педагогика
Image

Каршибаева Жаннура Нұрлыбекқызы

Өмірбаян

         Мен, Каршибаева Жаннура Нұрлыбекқызы, 26.03.2004 жылы Өзбекстан Республикасы Сырдария облысында дүниеге келдім. 2004 жылы отбасыммызбен Қазақстанға көшіп келдік. Қазір Шымкент қаласыда Асар мөлектек ауданында тұрамын.

         2009 жылы Мырзакент кентіндегі  №120 жалпы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 2021 жылы 11 сыныпты жақсы бағамен аяқтадым.

         2021 жылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіннің 6В1301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасына  оқуға қабылдандым. Қазіргі кезде 4 курс студентімін.

          Осы 4 жыл ішінде менің өмірім туралы айтатын болсам, 2 курстан бастап топ басшысы болдым. 2023 жылдағы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауына «АMANAT» партиясында ерікті болып болып жұмыс атқардым. 2023 жылдың сәуір айынан бастап «Елбасы Медалі» жобасына қатысып, қола медаль иегері атандым.

           3 курста Шымкент қаласындағы А. Назарбеков атындағы  №87 жалпы орта білім беретін мектепте 4-қыркүйектен  15-желтоқсан аралығында педагогикалық практикадан өту барысында белсенді білім алушы болғаным үшін, мектеп директоры Г.О. Оралбекованың алғыс хатына ие болдым.

         2023 жылдың жаз айында университет тарапындағы «COURERA»  курстық жобаға қатыстым. Ол жерден мен «Implementation of PhET Activities for STEM Education»,  «Developing a Leadership Framework»,  «Project: Writing a Research Paper», «Agile және дизайндық ойлау» курстарын жақсы баллмен аяқтап, сертификаттарға ие болдым.

         20.09.2024 жылы «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары» атты мақала жазып, оны «МЕКТЕП» республикалық ғылыми - әдістемелік, педагогикалық журналына жариялап, I дәрежелі дипломмен марапатталдым.