Мен, Атажан Айдана, 2007 жылы 28
сәуір Арыс қаласында дүниеге келдім. Отбасы – адам өмірінің ең басты
байлығы.Әкем,
Альходжаев Шакрат , анам Альходжаева Оразкүл. Ата-анам әрдайым білім алудың
маңыздылығын түсіндіріп, бізді адалдық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.
Мен отбасында тоғыз баланың ең кенжесімін. 7. әпкем
және 1 ағам бар.Әпкелі сіңілілі болу бір ғажап дүние десемде боламын. Әпкелерім
тұрмыста болсада маған қолдау білдіріп қуанышымда қасымнан табыла біледі
2013жылы Арыс қаласындағы Мұқтар Әуезоа атындағы
мектеп гимназиясына мектепке қабылданып, мектепті 2024 жылы үздік аяқтадым.
Мектеп қабырғасында оқып жүргенде дене
шынықтыру мен Бастапқы әскери дайындық және тарих пәндеріне ерекше ықылас
таныттым. Бұл пәндер бойынша түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие
болдым.
2024 жылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік
Қазақстан педагогикалық университетінің “Дене шынықтыру және спорт
факультетінің, Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының
«Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша оқуға түстім.
Қазіргі уақытта бірінш курс студентімін.
Университет–
жоғары білім беретін, ғылыми зерттеулер жүргізетін және мамандар даярлайтын оқу
орны. Ол студенттерге таңдаған мамандығы бойынша терең білім беріп, болашақта
кәсіби маман болуға мүмкіндік береді.Бастапқы
әскери дайындық кафедрасының
оқытушылары тек кәсіби мамандар ғана емес, сондай-ақ бізге үлгі болатын
ұстаздар. Олар әрдайым студенттерге қолдау көрсетіп,Жамандығыңды жасырып
жақсылығыңды асыратын жандар.Оқытушылар әр сабақты өткен кезде менің өз
мамандығыма деген қызығушылығым арта түседі.
Студенттік өмір ең керемет кездердің бірі деп айта
аламын.Жаңа орта,жаңа білім бәрі басқаша.Студент тек білім алумен шектелмей,
өзін жан жақты ашып іс шараларға белсене қатысады. Менде өз тобымның
белсендісімін деп айта аладым.Берілген жұмысты жауапкершілңкпен атқарып,ешқашан
артқа қалдырмаймын
АӘТД
пән мұғалімі тек қару-жарақ пен әскери
дайындықты үйретіп қана қоймай, оқушыларды төтенше жағдайларда дұрыс әрекет
етуге, жауапкершілікке, тәртіпке және төзімділікке баулиды. Менің міндетім –
тек білім беру емес, сонымен қатар, жасөспірімдердің рухани дамуына әсер ету,
олардың бойында патриоттық сезімді ояту.Нағыз ұстаз білім беріп қана қоймай,
шәкіртінің өміріне жол сілтейді.