2011 жылы
№7 Қарсыбай Спатаев атындағы мектеп-лицей мектебіне қабылданып 2022 жылы
үздік аяқтадым.Мектеп қабырғасында оқып жүргенде бастапқы әскери дайындық
пәніне ерекше ықылас таныттым.Бұл пән бойынша түрлі олимпиадаларға қатысып,
жүлделі орындарға ие болдым.
2022 жылы
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің
Дене шынықтыру және спорт факультетінің «Бастапқы әскери дайындық мұғалімін
даярлау»мамандығы бойынша оқуға түсті. Қазіргі уақытта үшінші курс студенті. 11.12.24
жылы Қарағанды қаласы Букетов университетінен «Бастапқы әскери дайындық және
жеке сайыс»кафедрасынан алғыс хат алдым. Университетте оқып жүргенде
академиялық үлгерімімді жоғары деңгейде ұстап келемін. Тобының белсенді
студенті. Университет қабырғасындағы әр күнім түрлі жаңа бағыттар мен құнды
ақпараттарды игеруді талап етеді. Бастапқы әскери дайындық қафедрасының
оқытушылары тек кәсіби мамандар ғана емес, сондай-ақ бізге үлгі болатын
ұстаздар. Олар әрдайым студенттерге қолдау көрсетіп, теориялық білімді
тәжірибемен ұштастырудың маңыздылығын түсіндірді. Олар бізге тек білім беріп
қана қоймай, нағыз ұстаздың қандай болу керектігін көрсетіп, өз мамандығымызды
сүйіп таңдауға шабыт береді.
Студенттік
өмірде тек білім алумен шектелмей, қоғамдық шараларға белсенді қатысады. Өзіне жүктелген міндетті әрқашан абыроймен атқарады. Тобымыздың өткізген
іс-шараларында белсенділік танытып, барлығына жауапкершілікпен қарайды.
Махан Жаннаның алға қойған мақсаты– кәсіби педагог ретінде болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру. Ұстаздық жол – жауапкершілік пен абырой талап ететін мамандық, сондықтан осы жолда бар күш-жігерін салып, үлгілі маман болу мақасты.