Zhanibekov university logo
Image

Психология

Кафедра Тарих және педагогика
Image

Спабекова Әсел Қалдыбайқызы

assel.spabekova@mail.ru

     Спабекова Әсел Қалдыбайқызы 2004 жылы 21 желтоқсанда  Шымкент қаласы Сайрам ауданында дүниеге келген. 2011 жылы Сайрам ауданы Шымкент қаласындағы №49 Ш.Уалиханова атындағы жалпы орта мектепте 10 жыл бойы білім алып, 2022 жылы Шымкент қаласы, Асар мөлтек ауданындағы №89 жалпы орта мектепті тамандадайды. Жалпы мектеп қабырғасында белсенді, жан-жақты білім алушы ретінде түрлі жарыстар мен олимпиядаларға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарды иеленген: 5 диплом, I дәрежілі 8 мақтау грамотасы және 10 сертификат бар. Сонымен қатар мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене ат салысып, іскер білім алушы ретінде көрсете білген. Алғыр оқушы 2022 жылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1101-12  оқу тобының студенті болып қабылданады. Қазіргі таңда осы 1101-12 тобының топ басшысы және үздік студенті. Әсел – жауапкершілігі жоғары, көшбасшылық қасиеттері басым және оқу барысында өз тобын белсенді түрде қолдайтын студент. 2024 жылы «BEST YOUNG RESEARCHER AWARD» атты халықаралық байқауына қатысып I дәрежелі диплом иегері атанды. Ізденімпаз студент келешекте өз мамандығы бойынша кәсіби педагог-психолог атанып, психология ғылымының елімізде өркендеуіне зор үлес қосуды мақсат етеді.