Мен, Әбілтаева Айсәуле, 2007 жылдың 17 сәуірінде дүниеге келдім. Үлкен, тату отбасында тәрбиеленіп келемін. Отбасымызда 8 адам бар: ата-анам, 4 қыз және 2 ұл.Мен отбасында екіншісімін ағам Нұрман Мұхтар Әуезов университеті ,дене шынықтыру және туризм факультетінде оқиды, сіңілім Дана мектеп оқушысы, інімде Диас мектеп оқиды, және де екі сіңілім бар балабақшаға барады. Біз бір-бірімізге қиын-қыстау сәтте қолдау береміз.
Отбасым мен үшін ең үлкен қолдау көзі. Олар әрдайым менің жетістіктеріме қуанып, алға ұмтылуға шабыт береді. Болашақта да өз білімімді жетілдіріп, армандарыма жету үшін талмай еңбектенемін.
Кішкентай кезімнен белсенді болып өстім. Түрлі сайыстарға қатысып, өзімді жан-жақты дамытуға тырыстым. Мектеп қабырғасында жүріп шығармашылық, спорттық және білім сайыстарына атсалысып, көптеген жетістіктерге жеттім. Бұл маған өзімді еркін сезінуге, жаңа достар табуға және өмірге деген көзқарасымды қалыптастыруға көмектесті.
Мен 2013 жылы Шымкент қаласындағы нөмірі 52ші мектеп лицейіне қабылданып, мектепті 2024жылы үздік бітірдім. Мектепте әскери пәніне қызығушылық болды. Және де сол қызығушылығым артып алғашқы әскери сабағынан түрлі жарыстарға мектеп атынан шығып жүрдім. Өзіме қатты ұнаушы еді, сонын арқасында өз қалаған мамандығыма түстім.
Мектепті бітіргеннен кейін өзімнің қызығушылықтарым мен болашаққа деген жоспарымды ескере отырып,2024жылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің, Бастапқы әскери дайындық кафедрасына «Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша емтиханнан өтіп оқуға түстім. Оқуға түсе салысымен топ басшы болып басқа да студенттерге үлгі болдым. Түрлі іс-шараларға қатысып өзімді жан жақты көрсеттім.
Бұл мамандық еліміз үшін маңызды, себебі жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың дене және рухани дамуына ықпал етеді. Бастапқы әскери дайындық пәні оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастырумен қатар, оларды тәртіпке, жауапкершілікке және шыдамдылыққа үйретеді. Бұл сала менің қызығушылықтарыма сай келеді, сондықтан осы бағытта білікті маман болуға ұмтылып жүрмін.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет сапалы білім берумен қатар, болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына үлкен мүмкіндік жасайды. Мұнда тәжірибелі оқытушылардан білім алып, теориялық және практикалық дағдыларымды жетілдіру мүмкіндігіне ие болдым. Және де Бастапқы әскери дайындық оқытушылары өте керемет кісілер тәжірибелі, жауапкершілігі бар, өз жұмысын профессионалды түрде жасайды.