- Басты бет
- Кафедра туралы
- Кафедра мүшелері
- Бағдарламалар
- Оқу материалдары
- Ғылыми жобалар
- Кафедра құжаттары
- Жетістіктер
- Жарияланымдар
Марасулова Гульбахыт Абдурахимовна
Мен, Марасулова Гульбахыт Абдурахимовна, 17.12.1986 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келдім. 2002 жылы 19 жалпы орта мектебін бітірдім. 2002-2007 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иелендім. 2007-2008 жылдар аралығында ҚХР, Бейжің қаласы, Пекин тіл және мәдениет университетінде білімімді жалғастырдым.
2013-2015 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым.
Еңбек жолымды 2008 жылы Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шығыстану кафедрасында оқытушы болып бастадым. 2016 жылдан бастап түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде еңбек еттім. 2021-2025жж. аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университетінің Филология факультеті «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасында қызмет атқардым. 2026 жылдан бастап Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында оқытушы қызметін атқарып келемін. Оқу барысында аударма ісі білім беру бағдарламасы пәндерінен сабақ беремін.