*Кәсіби бағдар
16 Қаңтар 2025, 12:17
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жаратылыстану факультетінің деканы Айгүл Айтбаева Түркістан облысы, Жетісай қаласы мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда №16 Ж.Сәуірбаева атындағы, №17 "Түркістан", №14 Н.Оңдасынов атындағы, №15 М.Жұмабаев атындағы, №3 Ю.Гагарин атындағы, №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия; №4 Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Еліміздің оңтүстік өңірінде жаңа формациядағы педагогтарды даярлайтын жетекші оқу орны — Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ тарихы, ғимараттары, зертхана мен шеберханалары, білім беру бағдарламалары, тыныс-тіршілігі мен жетістіктері туралы бейнебаянды назарға ұсынып, университет жөнінде презентация арқылы ақпараттар беріп, оқытушы-профессор құрамының сапалық құрамы, атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстары туралы көрсетіліп, таныстырылды.
Университетпен өзара келісім-шарт негізінде меморандумға қол қойылған Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясында 11- сынып оқушыларына болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында «Білімді жастар — Қазақстанның болашағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараға 90 мектеп бітіруші қатысты (28-і алтын белгіге үміткер). Тоқсан жылға жуық тарихы бар білім ордасының ерекшеліктері жайлы әңгімелеп, заманауи жабдықталған оқу кабинеттерімен таныстырылып, университет мамандықтары туралы презентация, видео көрсетіліп, баяндалды.
Осыған ұқсас
«ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҰСТАЗ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
29 Мамыр 2026, 15:10
«РӘМІЗДЕР РУХЫ, АТА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
26 Мамыр 2026, 16:17
Хабарландыру 22.05.2026
22 Мамыр 2026, 15:26
«ЗАҢ — ҚОҒАМНЫҢ ҚОРҒАНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
19 Мамыр 2026, 16:21
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕ
18 Мамыр 2026, 16:26
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК КІМ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУШЕШЕР РӘСІМІ ӨТТІ
15 Мамыр 2026, 16:30
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ТІЛ ЖАНАШЫРЫ ОРАЗКҮЛ АСАНҒАЗИЕВА АШЫҚ ДӘРІС ОҚЫДЫ
13 Мамыр 2026, 16:35
Конкурс. 31.12.2025
13 Мамыр 2026, 16:20
КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
8 Мамыр 2026, 11:29
ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ
6 Мамыр 2026, 15:34