ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Университетте шетелдік білім алушыларға арналған «Қазақстандағы көші-қон жүйесі» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - университетте білім алып жатқан шетелдік студенттерге Қазақстан Республикасының аумағында болу, көші-қон есебіне тіркелу, құжаттарды рәсімдеу және көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау тәртібі туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қуат Мірқасов және аталған басқарманың бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ердәулет Мәткәрімов қатысты. Ақпараттық семинар барысында мамандар шетел азаматтарының ҚР аумағында болу тәртібі, тіркеу мерзімдері, визалық және көші-қон құжаттарын рәсімдеу талаптары, сондай-ақ заңнамада көзделген міндеттер мен жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құзырлы мамандардан нақты жауап алды.
Іс-шара аясында университеттің Психологиялық қолдау орталығының басшысы Гүлнар Айтжанова «Психологиялық қолдау және студенттердің жаңа ортаға бейімделуі» тақырыбында ақпарат берді. Ол шетелдік студенттердің жаңа әлеуметтік және мәдени ортаға бейімделуінде психологиялық қолдаудың маңыздылығына тоқталып, университет тарапынан көрсетілетін қолдау мүмкіндіктерімен таныстырды. Кездесу соңы университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.
Осыған ұқсас
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА