ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ — ІІІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында үш бірдей жаңа кабинет ашылды.
Университеттің тарих және педагогика факультетінде Өзбекәлі Жәнібеков дәрісханасы, «Этнопедагогика», «Тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен теориясы» кабинеттері енді студенттердің игілігіне пайдаланылмақ. Бұл кабинеттер туған ел тарихы мен тілін, мәдениетін, салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға, сақтауға жастардың қызығушылығын арттыруды көздейді.
Халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып-үйренудің танымдық және практикалық мәнін көрсету де осы жаңа орталықтарда жүзеге аспақ. Сондай-ақ, педагогикалық мәселелерді шығармашылық тұрғыда және жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып шешудің тиімді жақтарын қарастырады. Білім алушылар арасында креативті идеяларды тудыру мен жүзеге асырудың жолдарын зерттеу барысында түрлі «дөңгелек үстелдер», семинарлар мен топтық жұмыстар ұйымдастырылады.
Жаңа кабинеттердің ашылуына университет қонақтары мен Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева, оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.
Осыған ұқсас
Конкурс. 31.12.2025
КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ
ДӘСТҮРТАНУ ПӘНІН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ 05.05.2026
ӘСКЕРИ КАФЕДРА ТҮЛЕКТЕРІНІҢ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Хабарландыру. 04.05.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ