КЕЗЕКТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Академиялық кеңес төрағасы Ж.Жылбаевтың жетекшілігімен кезекті академиялық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында университеттің оқу-әдістемелік және академиялық қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес факультеттердің 2025–2026 оқу жылына жоспарланған оқу-әдістемелік жұмыстарының орындалу қорытындылары тыңдалды. Талқылау барысында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының ғылыми әлеуетін арттыру, ғылыми жетекшілер құрамының сапалық көрсеткіштерін жетілдіру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында Platonus ақпараттық жүйесіндегі бағалау үдерісінің ұйымдастырылуы мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар дуалды оқыту жүйесін дамыту, кафедра филиалдарының қызметін жетілдіру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту, өндірістік тәжірибенің сапасын арттыру және түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін жоғарылату бағытында атқарылған жұмыстар сараланды. Кеңесте профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру, оның ішінде пәндік даярлық, инклюзивті білім беру және жасанды интеллект технологиялары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту нәтижелері де талқыланды.
Сондай-ақ факультет декандары мен кафедра меңгерушілері университеттің 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстары бойынша есеп беріп, алдағы оқу жылына арналған жоспарларын таныстырды. Отырыс қорытындысы бойынша білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!