ВИЗИТИНГ-ПРОФЕССОР СЕМИНАРЫ: ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
24 October 2024, 15:24
Медиа Орталық
2024-2025 оқу жылында республикалық бюджет есебінен шақырылған шетелдік ғалым профессор, PhD Родзия Бинти Атан жас ғалымдарға «Зерттеу жарияланымдарының стратегиялары» тақырыбында семинар өтті. Айта кетсек, Родзия Бинти Атан QS World University Rankings 2024 жаһандық университеттердің рейтингісінде 148 позицияда тұрған Путра университетінің (Малайзия) ғалымы. Ғалымның халықаралық рецензияланатын Web of Science Core Collection, Scopus (Скопус) деректер базасында 100-ге жуық мақаласы жарық көрген.
Профессор Родзия Бинти Атан семинар барысында ғылыми мақалаларды жазу ережелері мен талаптарын, сондай-ақ оларды рецензенттердің қалай тексеретінін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол ғылыми мақаланың құрылымы, оны әзірлеу кезеңдері, тақырыпты дұрыс таңдау және деректерді талдаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Профессордың айтуынша, сапалы ғылыми жұмыс жазу үшін келесі негізгі
аспектілерді ескеру қажет:
1. Тақырыпты нақтылау - мақаланың тақырыбы өзекті болуы және ғылым
саласындағы белгілі бір мәселені шешуге бағытталуы тиіс.
2. Аннотация - зерттеудің мақсаты, әдістері, нәтижелері және қорытындылары
қысқаша сипатталатын бөлім.
3. Кіріспе - зерттеудің өзектілігін көрсетіп, оның мақсатын және ғылыми мәселені шешу жолдарын түсіндіретін бөлім.
4. Методологияны дұрыс таңдау - зерттеу әдістері нақты және дәйекті болуы тиіс,
себебі бұл ғылыми жұмыстың сапасына тікелей әсер етеді.
5. Қорытындылар мен ұсыныстар - әрбір ғылыми жұмыс нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Сондықтан зерттеудің қорытындылары мен ұсыныстары нақты әрі негізді болуы керек.
6. Әдеби шолу- зерттеу жүргізу алдында, бұрын осы тақырып бойынша жазылған ғылыми еңбектерді мұқият зерттеу қажет. Бұл ғылыми зерттеудің жаңашылдығын анықтауға көмектеседі.
Сонымен қатар, профессор Родзия рецензенттердің мақалаға назар аударатын негізгі тұстарына тоқталды. Олар:
• Зерттеу мақсатының анықтығы;
• Деректерді талдаудың дұрыстығы;
• Ғылыми жаңалықтың бар болуы;
• Тілдік және стильдік талаптарға сәйкестігі.
Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Профессор Родзияның пайдалы кеңестері мен ұсыныстары докторанттардың ғылыми жұмыс жазу дағдыларын жетілдіруге зор септігін тигізеді деп сенеміз.
Бұл семинар жас ғалымдар үшін ғылыми мақалаларды жариялау үдерісін тереңірек түсінуге және өз зерттеулерін сапалы түрде ұсынуға көмектесетініне сеніміміз мол.
Similar
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ADMITTED TO ACADEMIC INTEGRITY LEAGUE
12 October 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 October 2026, 10:30
FAIR OF ORGANIZATIONS AND CLUBS HELD
7 October 2026, 16:21
PROFESSOR FROM UNIVERSITI MALAYSIA SABAH DELIVERS LECTURE
6 October 2026, 14:28
HIGHER EDUCATION WORKERS HONORED
5 October 2026, 18:41
NEW STUDENT CANTEEN OPENS IN THE NEW BUILDING
5 October 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 October 2026, 09:57
HONORING WORKING PEOPLE
2 October 2026, 16:10
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ
1 October 2026, 17:12
ЖӘНІБЕКОВ СТУДЕНТІ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!
1 October 2026, 15:14