Zhanibekov university logo

СТУДЕНТТЕРМЕН ӨТКЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

30 Маусым 2025, 11:57
Медиа Орталық

🔹1991 жылдан бастап үзбей дәстүрлі түрде тарих факультетінің I курс студенттерімен Ордабасы ауданы, Сарыарық ауылында, Күлтөбе қалашығы мен Күлтөбе қорымдарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді.Әр жылғы университеттің археологиялық жасағымен жүргізген қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлер, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің көрме орталығы мен Мемлекеттік орталық музейге өткізіледі.
🔹Жыл сайын дәстүрлі түрде университеттің I курс студенттеріне өткізілетін археологиялық іс-тәжірибе т.ғ.д профессорр А.Н.Подушкиннің жетекшілігімен биыл да өз жалғасын тапты. Биыл іс-тәжірбиеден өтуге тарих факультетінен 52 студент қатысуда. Іс-тәжірибе кезінде студенттер т.ғ.д., профессор А.Н.Подушкиннің лекцияларын тыңдап, теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдауға мүмкіндік алды.
🔹Биыл университеттің археологиялық жасағына 61 жыл толды. Далалық маусымда студенттермен бірлесе 10 шақты жазба текше бөлік, прото соғды жазуы табылды. Күлтөбе қорымдарының №33,34 обаларына қазба жұмыстары жүргізілді. №33 обадан жауынгердің қаңқа сүйектері және оның қолданған заттары табылды.Олар: семсердің ұзындығы -1м, қыш ыдыстар,ғұрыптық ыдыс- түтеткі, қайрақ тас, тоға, пышақ және қанжар, медициналық құралы яғни хижамада қолданылған. Сонымен қоса құрбандық асы да анықталды. Еденіне қамыс төселіп, содан кейін мүрдені қойған.Мүрде жасы 35-40 аралығында болған. Қанжар сабы сүйектен жасалған. №34 обада тек ыдыс ғана анықталды. Қорғандар сол заманда бірнеше рет тоналған.
🔹Ордабасы ұлттық тарихи- мәдени қорық -музей қызметкерлері мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ арасындағы келісім құжатына сәйкес археологиялық практика өтіп жатқан I курс студенттеріне арнайы жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған жәдігерлер Оңтүстік Қазақстан аумағынан табылып, жинақталған. Бұл тас кезеңінен орта ғасыр кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Болашақ жас мамандарды далалық қазба жұмыстарымен ұштастыра отырып, археология саласына қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдени құндылықтарымызды насихаттау және дәріптеу.
🔹Тәжірибе барысында студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.Болашақта археолог болмаса да,археолог мамандығын аса сабарлықпен, төзімділікпен, еңбекқорлықпен келетінін студенттер өз көзімен көрді. Ұлттық жәдігерлерімізді қолдарысмен ұстап бір табан ежелгі дүниеге жақындай алды. Археологиялық тәжірибе студенттердің естен кетпейтін қызықты сәттері болып қалды.

Осыған ұқсас

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17