ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫҢ ҚАНДАЙ, СТУДЕНТ?
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарының қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы Диктант шарасы өтті. Бүкілқазақстандық ауқымды шараға университеттен 100 оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлер, 150 студент қатысты.
Шара алаяқтарға алданып қалмау, дропер түсінігін терең тану арқылы қарызсыз қоғам құруды үндейді. Қаржылық сауаттылыққа шақыратын ауқымды жобаға қатысушылар тест-диктант тапсырып, деңгей бойынша 20 сұраққа жауап берді.
Жалпы, қоғамда қазір алаяқтарға алданып, қаржысынан айрылып немесе қарызға белшесінен бату оқиғасы күрт көбейген. Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, полковник Ескендір Құрақбаев, подполковник Мұрат Сарымов, капитан Мақсат Көшербаев қаржылық қауіпсіздік қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
— Банкоматқа барғанда картаңызға қаржы аударып, оны терминалдан алып беруді өтінген күмәнді адамдардың өтінішін орындамаңыздар. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде каспий голдты жалға алуға арналған таргет рекламалары шықты. Ол үшін сізге 5-10 мың теңге төлеп, екінші деңгейлі банк карточкаңызды, каспий голдыңызды пайдаланып, миллиардтаған теңгелерді шешіп алуы мүмкін. «Ақша салсаң, оны көбейтіп аласың, шетелге қыдырасың, үй аласың» деп, жеңіл пайда табуға қызықтыратын қаржылық пирамидалардан аулақ болыңыздар. Бүгінде осындай мәселемен біздің мекемеге күнделікті 10-15 адам шағым айтып келуде. Сондықтан, қаржылық сауатты арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша 10 миллион адамды қамтитын жоба өткізілуде, —дейді мамандар.
Диктант жобасында 16-дан артық сұраққа дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз дипломын иеленіп, Қазақстанның әр өңірінен осы дипломға ие болған алғашқы 10 қатысушы арасында сыйлықпен марапатталу мүмкіндігіне ие болады. Шымкент қаласында аталмыш шара 20–қазанға дейін жалғаспақ.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!