Zhanibekov university logo
Image

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті

Департамент Басқарма мүшесі - Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор

Жоғары білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті жаңа үлгідегі маман даярлау, жас буынға патриоттық тәрбие беру, ұлттың тарихи-мәдени құндылықтарымен таныстыру және бұл бағыттардағы жұмыстарды ғылыми негізде дамыту мақсатында ЖОО қабырғасындағы өзге де құрылымдармен бірлесе жұмыс жасайтын бөлім ретінде университет ректорының 2017 жылдың  4-қыркүйегіндегі №4-74 бұйрығына сай «Рухани жаңғыру» орталығы құрылған болатын. Аталған орталық 2020-2021 оқу жылынан бастап «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөліміне айналды.

Ал 2022 жылдың қазан айынан бастап аталған бөлім қызметі ЖОО құрылымдық өзгерістерге сай құрылған Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментіне өтті. 2024-2025 оқу жылына дейін Департамент құрамында 3-бөлім, 2-орталық, 1-спорт клуб жұмыс жасайды. Олар:

  • Өзбекәлі Жәнібеков орталық
  • Жастармен жұмыс бөлім
  • Мәдениет бөлімі
  • "Тұран" спортклубы
  • "Мұра" ұлттық шығармашылық   орталығы
  • Психологиялық қолдау бөлімі 

16.09.2024 ж.  Қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен Өзбекәлі Жәнібеков орталығы дербес дәрежедегі орталыққа айналды.

Департамент ЖОО-ның жастарын жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында білімгерлермен тәрбиелік  және салауатты өмір бағыттарындағы жұмыстарын  кең көлемде, мазмұнды ұйымдастыру бойынша қызмет етуде.