Zhanibekov university logo
Image

Қаржы және экономика департаменті

Департамент Басқарма төрағасы - Ректор

Қаржы және экономика департаментінің  негізгі қызметтері:

- ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу;

- түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету;

- шаруашылық операциялардың жүргізілуін бақылау;

- бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясының және құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

- университеттің қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және сенімді бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну;

- жалақы бойынша есеп айырысуды қамтамасыз ету;

- бюджетке салықтар мен алымдарды, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын, банк мекемелеріне төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты дұрыс есептеу және аудару;

- банктерге қарыздар, кредиттер бойынша берешектерді белгіленген мерзімде өтеу;

- университет қызметкерлерін материалдық ынталандыруға қаражат аудару;

- ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, шығындар мен өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша компанияның шаруашылық-қаржы қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу;

-  бухгалтерлік есеп және міндеттемелер мен шаруашылық операциялар есептілігін жүргізеді;

- стандарттар негізінде бастапқы есеп құжаттамаларының формасын әзірлейді;

- шаруашылық процестер және университет қызметінің шаруашылық нәтижелері туралы толық әрі сенімді ақпарат қалыптастырады;

- бекітілген нормалар, нормативтер және сметаларға сәйкес мүліктің болуымен, қозғалысымен, материалды, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалануды бақылайды;

- салықтарды республикалық және жергілікті бюджетке есептеп, аударады және салық декларациясын дайындайды;

- сыртқы міндеттемелерді және қаржыландыруды бақылайды;

- университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің сараптамалық және синтетикалық есепке алуды жүргізеді;

- негізгі және айналым қорлары, университеттің ақша қаражаттарын, шығын қаражаттарының орындалу есебін жүргізеді;

- ақша қаражаттары, тауар-материалдық құндылықтар мен есептерді инвентаризациялаудың өз уақытында жүргізілуін бақылайды;

- ақша қаражаттары қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есебінің шоттарының құжатталуын қамтамасыз етеді;

- есеп, есептілік және қаржылық бақылауға қатысы бар мәселелерді қарастыруда тиісті органдарда университет мүддесін қорғайды.