Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушылар шетелдік жоғары оқу орнында бір семестр бойы оқып келе алады.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын студент болу;
- ағылшын тілі / түрік тілі бойынша тілдік құзыреттіліктерге ие болу;
- шекті оқу үлгерімі GPA 3,33.
Талап етілетін құжаттар тізімі:
1. ҚР азаматының паспорты (көшірме) / жоқ болған жағдайда жеке куәлік (көшірме);
2. Түйіндеме (CV);
3. Транскрипт (мөрмен бекітілген болуы тиіс);
4. Ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін растайтын сертификат: - ағылшын тілі / түрік тілі деңгейін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат (IELTS 5.5+, TOEFL IBT 87+, TOEFL ITP 567+, DET 95+, YUNUS EMRE, TOMER) немесе шетел тілін оқытатын оқу орталықтарынан алынған сертификат көшірмесі (B2+).
5. Білім алушының көп балалы отбасыдан шыққандығын растайтын құжат (осы санатқа жататын студенттер үшін);
6. Білім алушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін);
7. Білім алушының мүгедектігін растайтын құжат (осы санатқа жататын студенттер үшін);
8. Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.). *Тек студенттік кезеңдегі жетістіктер ескеріледі. 9. 072/у медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін).
*5, 6, 7-тармақта көрсетілген шарттар қатысушылардың конкурстық ұпайы тең болған жағдайда жеңілдік иесіне басымдық береді.