Университет брендін қалыптастыруға оң әсер ететін маркетингтік және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу арқылы жалпы орта білім және кәсіптік орта білім беретін ұйымдардың бітіруші түлектеріне болашақ мамандығын дұрыс таңдауда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету. Мектеп түлектеріне университетке түсу талаптары мен білім беру бағдарламаларын таныстыру және "Ашық есік" күндерін ұйымдастыру, университетімізді жарнамалау.
Бөлімнің жұмыс бағыты: Кәсіби бағдар жұмыстарын үздіксіз ұйымдастыру