Zhanibekov university logo
Image

Жобалық офис

Бөлім/Орталық Академиялық істер жөніндегі департамент

Жобалық офистың негізгі міндеттері:

•    Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау;
•    Дайындық бағыттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін қадағалау;
•     Жылдық оқу жоспарлардың білім беру бағдарламаларына сәйкестігін қадағалау;
•    Академиялық топтардың сабақ кестелерін құру және қадағалау;
•     Білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу жылына арналған академиялық күнтізбені және оқу процесінің графигін түзу;
•    Университеттің әр оқу жылына арналған ПОҚ-тың жылдық жүктеме мөлшері мен оқу жүктемесін жоспарлау тәртібінің жобасын жасау; 
•    Әр оқу жылына арналған кафедралардың жұмыс сағаттарын,  жеке жүктемелерін бекітілген ПОҚ-тың жылдық жүктеме мөлшері мен оқу жүктемесін жоспарлау тәртібіне сәйкес жасалуын қадағалау; 
•     Кафедралардың ай сайынғы және жылдық орындалған сағаттарын қадағалау;
•    Элективті пәндердің каталогтарының түзілуін қадағалау;
•    Университеттің жылдық есебін дайындау;
•    Мемлекеттік емтихан және қорытынды аттестаттау комиссия құрамын бекіту бұйрығының жобасын дайындау және комиссия төрағаларының есептерін  жинақтау;
•    Жаңа оқу жылының дайындық актісін жасау;
•     Кіріс және шығыс хаттарға жауап беру.