Zhanibekov university logo
Image

Психологиялық қолдау орталығы

Бөлім/Орталық Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті

Психологиялық қолдау орталығы

Орталықты құру мақсатымыз ЖОО-ның білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, студенттер мен оқытушылардың, қызметкерлердің психологиялық қорғалуын қамтамасыз ету, олардың психикалық денсаулығын қолдау мен нығайту.

   Негізгі міндеттер:

   Студенттер мен қызметкерлердің әсіресе оқыту мен тұлғааралық қарым-қатынас аумағындағы психологиялық мәдениеті мен стресске тұрақтылығын арттыру;      өзгермелі әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайларына әлеуметтік бейімделуге психологиялық көмек көрсету;     білім беру үрдісі қатысушыларының негізгі мәселелерін анықтау және олардың туындау себептерін, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін айқындау;     студенттердің ЖОО-да білім алу үрдісінде тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби қалыптасуына ықпал ету;     білім беру үрдісі қатысушыларын қиын және қысылтаяң жағдайларда психологиялық көмекпен қамтамасыз ету;     студенттердің жеке тұлғасының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік, психологиялық , педагогикалық  және кәсіби жағдайларды жасау; шетелдік студенттерге психологиялық көмек көрсету;    ЖОО оқытушылар құрамының заманауи жастармен жұмыс жасаудағы психологиялық біліктілігін арттыру;     педагогикалық ұжымға ЖОО-ғы әлеуметтік-психологиялық климатты үйлестіруге көмектесу;    ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің қызметін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік материалдармен және нұсқаулармен қамтамасыз етуге көмектесу;    қажет жағдайда білім беру үрдісі қатысушыларына психологиялық қолдау мен кеңес беру қызметін ұйымдастыру;    білім беру мекемелерінің психологтарына, мұғалімдерге, ЖОО оқытушыларына, денсаулық сақтау, пенитенциарлық мекемелердің, құқық қорғау органдарының, әскери бөлімдердің тәжірибелік психологтарына кәсіби біліктілігін арттыру контексінде психологиялық оқыту.