Өмірбаян
Мен, Досай Бибінұр, 2005 жылы 31 қазанда
Шымкент қаласында дүниеге келдім. Менің отбасым - менің тірегім. Әкем,
Коңырбаев Нұрғали, анам Умарова Айгуль. Ата-анам әрдайым білім алудың
маңыздылығын түсіндіріп, бізді адалдық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Отбасым маған ұстаздық мамандықты таңдауға
шабыт беріп, жауапкершілік пен қамқорлықтың маңыздылығын үйретті.
Мен отбасында үш баланың ортаншысымын.
Әпкем Ақбаян Астана медицина
университетінде студент, ал інім Мухамедали - мектеп оқушысы. Біз
бір-бірімізді әрдайым қолдап, бірге уақыт өткізгенді жақсы көреміз.
2012 жылы Шымкент қаласындағы Абдраш
Назарбеков атындағы 87 жалпы орта білім беретін мектепке қабылданып, мектепті
2023 жылы үздік аяқтадым. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде қазақ тілі мен
географияны және тарих пәндеріне ерекше ықылас таныттым. Бұл пәндер бойынша
түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым.
2023 жылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тарих және педагогика
факультетінің, Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша оқуға түстім. Қазіргі уақытта екінші курс
студентімін.
Университетте оқып жүргенде академиялық
үлгерімімді жоғары деңгейде ұстап келемін. Тобымыздың белсенді студентімін.
Университет қабырғасындағы әр күнім түрлі жаңа бағыттар мен құнды ақпараттарды
игеруді талап етеді. Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары тек кәсіби мамандар ғана емес,
сондай-ақ бізге үлгі болатын ұстаздар. Олар әрдайым студенттерге қолдау
көрсетіп, теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың маңыздылығын түсіндірді. Олар
бізге тек білім беріп қана қоймай, нағыз ұстаздың қандай болу керектігін
көрсетіп, өз мамандығымызды сүйіп таңдауға шабыт береді.
Студенттік өмірде тек білім алумен
шектелмей, қоғамдық шараларға белсенді қатысамын. Өзіме жүктелген міндетті
әрқашан абыроймен атқарамын. Тобымыздың өткізген іс-шараларында белсенділік
танытып, барлығына жауапкершілікпен қараймын.
Менің алға қойған мақсатым – кәсіби
педагог ретінде болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру. Ұстаздық жол –
жауапкершілік пен абырой талап ететін мамандық, сондықтан мен осы жолда бар
күш-жігерімді салып, үлгілі маман болуға ұмтыламын.