СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?
6 Қараша 2024, 16:45
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 3 курс студенттері педагогикалық практикадан теориялық оқумен қатар өтіп жатыр. Болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін практика жетекшілерінің бірлесіп жұмыс істеуі маңызды. Практикада шыңдалып жүрген студенттердің оқу-тәрбие процесін жобалау мен жүзеге асырылуын нәтижелі ұйымдастыру университет педагогтарының, педагог және психолог әдіскерлердің ынтымақтастығы арқасында қол жеткізіледі.
Бүгінгі «Педагогикалық ынтымақтастық - нәтижелі мұғалім даярлау» атты семинар-тренингте практика жетекшілері практика барысында туындайтын мәселелерді талқылады, қауіптерді алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Академиялық істер департаментінің директоры Дәулетбай Бердалиев университеттің академиялық саясатына сілтеме жасап, педагогикалық практика бойынша студенттердің критериалды бағалауына ерекше тоқталды. Іс-шара нәтижесінде университет профессор-оқытушылары практикада студенттердің орындайтын тапсырмаларын нақтылап, арнайы әдістемелік нұсқаулықты бірлесе құрастырды.
Семинар-тренингті «Talant» апгрейд орталығы ұйымдастырды.
Осыған ұқсас
Хабарландыру. 25.09.2026
25 Қыркүйек 2026, 17:49
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
25 Қыркүйек 2026, 09:45
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
18 Қыркүйек 2026, 14:10
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
18 Қыркүйек 2026, 11:55
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
17 Қыркүйек 2026, 17:21
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
17 Қыркүйек 2026, 16:24
Хабарландыру 15.09.2026
15 Қыркүйек 2026, 12:58
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
10 Қыркүйек 2026, 15:49
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10 Қыркүйек 2026, 15:42
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
10 Қыркүйек 2026, 14:42