«ДИПЛОМНАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КАПИТАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгінгі еңбек нарығында диплом маманның кәсіби жетістігіне кепіл бола ала ма? Жасанды интеллект дамыған кезеңде педагогтің рөлі қалай өзгереді? Болашақ мұғалімге білімнен бөлек қандай қабілеттер қажет? Осы сауалдар «TALANT PRO FEST–2026» онкүндігі аясында өткен «Дипломнан құзыреттілікке: болашақ педагогтың кәсіби капиталы» тақырыбындағы кездесудің негізгі арқауына айналды. Кездесуді Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев ашып, спикерді таныстырды. Ол білім алушыларға кәсіби даму жолында табыс тілеп, мұндай кездесулердің болашақ маман үшін тәжірибелік маңызына тоқталды.
Кездесу спикері – «Green School» мектебінің директоры, жас ғалым, білім мотиваторы, «Bilim IQ» жобасының авторы Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлы. Кездесуде жасанды интеллект мүмкіндіктері мен мұғалімнің қоғамдағы орны кеңінен сөз болды. «Жасанды интеллект – құрал, ал педагог – тұлға қалыптастырушы» деген тұжырым білім алушыларға ерекше ой салды. Жасанды интеллект ақпарат ұсынып, тапсырма құрастырып, үдерістерді жылдамдата алады. Алайда оқушының жеке ерекшелігін түсіну, қабілетін ашу, бағыт беру және шабыттандыру – мұғалімнің басты миссиясы болып қала береді.
Нұрлан Өтепов «Green School» мектебінің білім көрмелері, ғылыми жобалары, дебат турнирлері мен халықаралық олимпиадалардағы жетістіктерін таныстырды. Түркия, Сингапур, Малайзия, Дубай және Нью-Йорк қалаларындағы халықаралық білім алаңдарында жинақталған тәжірибе білімнің шынайы құндылығы оны нақты нәтижеге айналдыра білуде екенін көрсетті.Кездесу соңында білім алушылар арасында Quiz форматындағы танымдық сайыс ұйымдастырылды. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Осыған ұқсас
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТАҢДАУ
ӨЛЕҢ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ
СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА