Zhanibekov university logo

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ ЕСЕЙ ЖЕҢІСҰЛЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

4 Қараша 2024, 16:42
Медиа Орталық

*Студент пікірі
Жуырда керемет тілші, керемет тұлға
Есей Жеңісұлымен сұхбаттасқан едік. Ең алдымен біз ол кісінің білікті комментатор және балалар журналының авторы екенін білдік. Оның өз ұлына арнап жазған кітаптары да бар екен. Есей Жеңісұлы өзінің өмір жолын баяндау арқылы, сұрақтарға жауап беру арқылы бізге жақсы көңіл күй мен мотивация бере алды. Жалпы қоғамда алар орны ерекше дара тұлға деп санаймын.
Абдула Майра 1703-13 тобының студенті
_________________________________
Біздің университетке Есей Жеңісұлы қонаққа келіп, өз өмір жолы мен шығармашылығымен бөлісті. Ол кісінің балалар журналистикасындағы еңбегі ерекше, әрі көптеген жас оқырман үшін рухани тәрбие мен білім көзі. Әңгіме барысында оның шеберлігіне, тыңдаушысын баурап алатын ықыласына және балаларға деген қамқорлығына тәнті болдық.
Есей Жеңісұлы бізге қарапайым өмір қағидаттарын сақтап, өз құндылықтарыңды жоғалтпау қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салды. Бұл кездесу бізге ұмытылмас әсер қалдырып, жаңа шабыт берді. Мұндай рухани бай тұлғамен сұхбаттасу – өзімізге деген сенімді арттырып, болашаққа жаңа мақсаттар қойып, ұмтылуға деген күш берді.
Бұл іс-шараға қатысқаным үшін өте қуаныштымын және болашақта да осындай кездесулердің көбірек өткізілгенін қалаймын. Есей Жеңісұлы сынды дара тұлғалар әрқайсымызға үлгі болары сөзсіз.
1703-23 тобының студенті Алдамуратова Ақмарал
____________________________________
Белгілі журналист Есей Жеңісұлының есімі елге кеңінен таныс. Қарымды қаламгер қазақ басылымдарында табысты еңбек етті. Қазір республикалық «Ақ желкен» журналының бас редакторы. Спорт комментаторы ретінде де көрермен көңілінен берік орын алады. Жуырда «Тұмар – 2023» ұлттық телевизиялық байқауы қорытындыланды. Сонда Есей Жеңісұлы «Үздік спорт комментаторы» атанды. Отандық телеарналардың тікелей эфирінен көптеген спорт түрі бойынша тікелей репортаждар жүргізіп жүрген Есей Жеңісұлының дауысы көрермендерге жақсы таныс болғаны бәрімізге мәлім. Сонымен қатар оның қаламы қарымды журналист екені де еш күмән туғызбайды. Кезінде ол республикамыздағы белді басылымдарда қызмет етіп, спорт тақырыбының тереңіне үңілсе, қазіргі кезде «Ұлан» газетінің бас редакторы.
Есей Жеңісұлы бізге аз уақыт болсын көптеген мотивациялар беріп, басынан өткен қызықты әрі естен шықпас оқиғаларын айтты. Бұл іс-шараға келіп, өзінің бағалы уақытын бөліп, бізге ақыл-кеңестерін айтып, мотивациямызды оятқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Есей Жеңісұлы дара тұлғалар біздің әрқайсысымыздың үлгі тұтар болғаны сөзсіз.
1703-43 тобының студенті Аманбек Арайлым

Осыған ұқсас

«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

23 Қазан 2026, 11:03
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ

22 Қазан 2026, 16:06
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026

ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026

19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

6 Қазан 2026, 14:28