МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Азияның ең үздік университеттері рейтингіне енгені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бұл тізімнен 10 қазақстандық жоғары оқу орны көрінді. Осыған орай бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет ұжымына құттықтау жеделхатын жолдады.
“Құрметті Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік
Қазақстан педагогикалық университетінің ұжымы! Қазақстан Республикасының Ғылым
және жоғары білім министрлігі атынан сіздерді QS Asia University Rankings 2026
рейтингісінің нәтижесінде Азияның ең үздік жоғары оқу орындарының қатарынан
лайықты орын алғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан
педагогикалық университеті – еліміздің жоғары білім кеңістігіндегі ғылыми
ізденіс пен
инновацияның символы. Сіздердің
халықаралық рейтингтерге тұрақты түрде қатысуларыңыз Қазақстанның академиялық
беделін арттыруға және ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосып келеді.
Ұжымның бірлігі мен табанды еңбегінің
арқасында жоғары оқу орны жас ғалымдар мен зерттеушілер үшін қолайлы зияткерлік
ортаға айналды.
Алдағы уақытта да білім ордасының ғылыми
әлеуеті мен халықаралық ықпалы арта беретініне сенімім мол.
Сіздерге шын жүректен алғысымды білдіре
отырып, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін!” делінген құттықтау
хатта.
Жаңа жетістік толайым табыстарға жетелей
берсін!
Осыған ұқсас
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?
Зейнеткерлер «Күміс» университетінде білім алуда
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
«ҚАЗАҚСТАН» МӘЖІЛІС ЗАЛЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ
ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ